Сыр елінде кәсіподақтың 120 жылдығы тойланды

Аймақтар
09.10.2025, 11:16
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Бірлікте – күш, тарихта – мақтаныш!» деген ұстанымды ұран еткен салалық кәсіподағының құрылғанына 120 жыл толуына орай Қызылордада салтанатты жиын өтті.

Жалпы, кәсіподақ қозғалысы Сыр елінен бастау алғаны – бүгінде дәлелденген шындық. Бұл тек теміржолдың ғана емес, Қазақстандағы ең алғашқы жұмысшы құқын қорғайтын кәсіподақ ұйымы болып саналады. Қызылорда теміржолында өткен салтанатта бұл мақтанышпен айтылды.

 «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов салтанатты жиынды ашып, теміржол саласының ардагерлерін, әріптестерін шын жүректен құттықтады.  

Қызылорда бөлімшесінің басшылары Батырхан Базарбаев пен Ербол Сәулебеков те әріптестерінің қуанышына ортақтасып, сала кәсіподағының теміржолшылар өміріндегі рөлі мен маңызын жоғары бағалады.  

Жиынға аймақтың барлық бөлімшелерінен, салалық мекемелерінен келген кәсіподақ жетекшілері түгел қатысып, ұйымның 120 жылдық мерейтойына арналған арнайы төсбелгімен марапатталды.    

Марапатқа ие болғандар қатарында ұзақ жылдар бойы кәсіподақ қозғалысының өркендеуіне үлес қосқан ұйым ардагерлері Әбдімұрат Маутанов пен Сәрсенбек Тасмағанбетов те болды.    

Филиал төрағасы өз баяндамасында Қызылорда теміржолының терең тарихына тоқталды. ХХ ғасырдың басында басталған Ташкент-Орынбор бағытындағы құрылыс, 1905 жылы Қазалы станциясында ВЖС округтік комитетінің құрылуы – бәрі осы бір киелі жолдың бастауын білдіреді. Ал 1925 жылы дәл осы Қызылорда қаласында өткен Қазақстан кәсіподақтарының бірінші съезі бүкіл еліміздің кәсіподақ қозғалысының алтын парағы ретінде тарихта қалғандығы тілге тиек болды.

– Теміржолшылар кәсіподағы әр дәуірде заман талабына сай бейімделіп, жұмысшы мүддесін қорғауда аянып қалған емес. Бұл қоғамдық ұйым – еңбек адамының үні, қорғаушысы, тірегі деген атқа лайық болуды өз міндеті деп біледі, – деді филиал төрағасы.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты