Тоқсан жасаған Тамара әжей

Аймақтар
13.10.2025, 09:14
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда көп еңбек қолмен атқарылған өткен ғасырда жұмыс істеген Тамара Омарғалиева бүгінде тоқсан жасын тойлап отыр.  

Өмір бойы Гурьев темір жолында еңбек еткен әжейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев кәсіподақ пен кадр бөлімі мамандарымен бірге арнайы құттықтай барып, құшағын гүлге толтырып, сый-сияпаттарын табыс етті. Әжейдің   амандығын біліп, хал-жағдай сұрасып, өткен-кеткеннен әңгіме тарқатты.  

Тамара әжей 1935 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын Главпочтада бастап, 1967 жылы Гурьев теміржол бөлімшесіне ауысып, 1985 жылға дейін жүк тасымалы бөлімінде қызмет атқарады. 1985 жылы зейнеткерлікке шыққан соң да еңбектен қол үзбей, Гурьев вокзалының Ана мен бала бөлмесінде кезекші болған. Жолдасы Иманғазиев Камали аға да теміржолшы болды. Ол әсіресе аймақ темір жолының спортын дамытуға көп күш салып, кезінде ДСО «Локомотив» қоғамының төрағасы болған азамат. Екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірді. Оның ішінде бүгінде зейнеткер Күләш, Роза атты екі қызы мен ұлы Ринат теміржолшы. Ринат та әке жолын қуып, өңір темір жолының спортын көтеруге атсалысып  жүр.  

Торқалы тоқсанға келген кейуана қонақтарға қатты қуанып, алғысын жаудырды. Әжей әлі де тың, өзі жүріп-тұрады, көзі көреді, құлағы естиді. Бүгінде ұл-қыздарынан 18 немере-жиен, 17 шөбере сүйіп отыр.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды