Әлеуметтік ахуал – ерекше назарда

Аймақтар
17.10.2025, 09:07
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жол дистанциясында ерекше әлеуметтік іс-шара ұйымдастырылды. НЖС-6 бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежановтың тікелей ұйытқы болуымен «Отбасы және теміржол жұмысшыларының қауіпсіздігі» атты тақырыпта айрықша акция өткізілді.

Бұл күні ПЧ-39 мекемесінде еңбек ететін жолшылардың жұбайлары арнайы шақырылды. Дастархан басында еркін түрде өткізілген әңгіменің басты тақырыбы жолшылардың үйдегі көңіл күйі, әлеуметтік ахуалы туралы өрбіді.  

Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Мақсұтбекұлы сөз алып, теміржол бойындағы әр қызметкердің жұмыстағы жетістіктері үйдегі қалыптасқан ахуалға тікелей байланысты екендігін әзілмен жеткізіп өтті.  

Жалпы, қазіргі таңда дистанция бойынша теміржолшыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Ұлттық компания тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Тек жанұяларындағы әлеуметтік жай-күйіне ғана назар аудару қажет. Бұл орайда теміржолшылардың жұбайларына да сөз берілді. Әйелдер қауымы ерлерінің түздегі қызметтеріне, әсіресе жалақылары мен мерекелер кезінде алатын сыйақыларына ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар қызметтік киімдермен қамту шараларына да тоқталып, «Мектепке жол» сынды әлеуметтік акциялардың де берері мол екенін сөз етті. Мұнымен қоса, теміржолшылар серіктері бөлімше басшысына өтініш-тілектерін де жеткізуге мүмкіндік алды.  

– Біздің дистанция бойынша 202 жол монтері еңбек етеді. Жол бойындағы жұмыстардың негізгі салмағы да соларға түседі. Сондықтан олардың үйде де, түзде де жағдайы жасалуына мүдделіміз, – деп атап өткен дистанция басшысы, Құрметті теміржолшы Рахат Ботаспаев жолшылардың дені түрлі марапатқа ие екендігін жеткізді. Бұл орайда желі бойында ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп жүрген Тлеубаевтар, Кактеновтер, Мәнанбаевтар, Омаровтар, Тыштыбаевтар, Назарбековтер, Сикимбаевтар, Шурахметовтер, Шуратбаевтар, Едилиповтар сынды бірқатар жолшылар отбасыларына «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры С.Рахметовтің алғыс хаты табыс етілді.  

Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы НЖС-6 бойынша еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Жомарт Шапишевтің айтуынша, мұндай ашық әңгімелердің берері мол. Еңбеккерлердің әлеуметтік ахуалы ұдайы назарда ұсталатын болады.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті