Орал қаласының вокзалын қайта жаңарту тұрақты бақылауда

Аймақтар
19.10.2025, 14:57

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй Орал қаласының теміржол вокзалын қайта жаңарту барысына көшпелі тексеру жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Вокзал ғимараты екі блоктан тұрады. Бірінші қабатқа кіреберіс залы, кассалық аймақ, әкімшілік үй-жайлар, медициналық және полиция бекеттері, сондай-ақ буфет кіреді. Екінші қабатта күту залы мен қосымша әкімшілік кабинеттер орналасқан.

Қайта құру шеңберінде ішкі үй-жайларды қайта жоспарлау, оның ішінде ана мен бала бөлмелерін, сондай-ақ асхананы ұйымдастыру көзделген. Сонымен қатар, вокзал ғимаратын №2 және №3 платформаларымен байланыстыратын конкорс салу жоспарланып отыр. Вокзал алаңын 5716,1-ден 6972,8 шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарлануда, оның ішінде конкорс алаңы 660 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ жолаушылар платформаларын реконструкциялау, іргелес аумақты абаттандыру, көгалдандыру, сондай-ақ бетон төсеніштерінен тротуарлар төсеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Вокзал кешенінің сыйымдылығы 700 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта нысанда қасбеттік, ішкі әрлеу және инженерлік жұмыстар, конкорс құрылысы, сондай-ақ перрон бөлігін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның бас мердігері «KazConstructionGroup» ЖШС болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бекітілген кестеге сәйкес жобаның барлық кезеңдерін уақтылы және сапалы аяқтау мақсатында құрылыс барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.

 

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды