Ұлт руханиятының қайнар көзі

Аймақтар
21.10.2025, 09:02
Cуретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы және кадр бөлімінің ұйымдастыруымен бөлімшеге қарасты мекемелер арасында «Абайдың қара сөздері – қазақтың бойтұмары» атты сайыс өткізілді. Оған 6 команда қатысып, өнер-білім жарыстырды.  

Бағдарлама шартына сай сайыста ұлы тұлғаны сомдау, Абайдың әндерін орындау, қара сөздерін мәнерлеп оқу және ақынның өмірін, шығармашылық жолын қамтыған викториналық сұрақтарға жауап беру талаптары қойылды. Қазылар алқасы құрамына теміржолшы-ардагерлер шақырылып, сайыстың төрелігін шешу ұсынылды. Өнер сайысы өз мәресіне жеткен сәтте, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, оза шапқан командалар анықталды.  

Бас жүлде ШЧ-9 Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы командасына, 1-орын – НЖС жеке шаруашылығы тобына, 2-орын ШЧ-8 Атырау белгі беру және байланыс дистанциясына, 3-орын ЭЧ-4 Атырау электрмен қамту дистанциясының командасына берілді.  

Сондай-ақ «Көркем сөздің шебері», «Үздік көрініс», «Көрермен көзайымы» сынды барлығы 12 номинация иелері анықталды. Жеңімпаз командаларға да, номинация иелеріне де мекеме және кәсіподақ атынан сый-сияпаттар табыс етілді. Қазылар алқасы мүшелеріне де қазақи дәстүрмен шапан жабылды. 

«Қазақта Абай деген дара тұлға. Ұлт руханиятының қайнар көзі. Негізгі қызметі өндіріс болып саналатын теміржолшылар арасында осындай шараны өткізу – тамаша идея, үлкен жетістік. Осындай шаралар жиі болып тұрғаны абзал», – деді кеш соңында қазылар алқасының мүшесі, ардагер-теміржолшы Нұрғали Есенов.  

 

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды