Вагон қараушыдан ұстазға айналған теміржолшы

Аймақтар
24.10.2025, 09:18
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Талабы жоғары, табандылықпен қатар қырағылықты қажет ететін теміржол саласында жас толқын үшін тәлімгер аға буынның тәжірибесі аса қажет.

Жамбыл вагон пайдалану депосының Шу станциясындағы техникалық қызмет көрсету орталығына келген жас мамандар аға вагон қараушы Әлім Жавтуковті өздеріне ұстаз санайды. Өйткені табаны күректей қырық жыл осы жерде тапжылмай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі вагоншы – осы уақыт ішінде бірнеше буынды еңбекке баулып, тәрбиелеген маман.  

Міне бүгін ардагер-теміржолшы зейнет жасына толуына орай, депо басшылығы арнайы келіп құттықтап, кәсіподақ ұйымы атынан сый-сияпат жасап, құрметті демалысқа шығарып салды.  

Теміржолшылар әулетінде өскен Әлім Қадысұлы 1983 жылы Алматы теміржол техникумын «Вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп, екі жыл әскери борышын өтеп келгеннен кейін туған жерге оралып, Шудағы вагон пайдалану депосына слесарь болып жұмысқа орналасады. Содан бергі уақытта вагон қараушыдан аға вагон қараушыға ауысқанымен, табан аудармай осы жерде еңбек етіпті. 1987 жылы Ташкент қаласында біліктілікті арттыру курсына қатысып, «Беларусьтік әдісті» қорғап шыққан. «Бұл оқу маған тәжірибемді шыңдап, теориялық тұрғыда білімімді арттыруға мүмкіндік берді», – дейді кейіпкеріміз.  

Штаттан тыс қоғамдық инспектор ретінде де жетістікке жетіп, 2007 жылы «Еңбек қорғау жөніндегі үздік қоғамдық инспектор» атанған. Жоғары басшылық тарапынан бірнеше рет Құрмет грамотасы мен Алғыс хатқа ие болды. 2022 жылы Астанада өткен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 25 жылдығына арналған салтанатты жиынға арнайы шақырылып, мерейтойлық медальмен марапатталды. Өткен жылы 120 жылдық төсбелгі тақты.  

Ардагер теміржолшы қырық жыл тер төккен адал еңбектің өтеуін көру де бір бақыт екенін айтады. Тәжірибелі тәлімгердің шәкірттері сөз алып, ұстаздарына деген құрметтерін жеткізіп, қырық жылғы бейнеттің зейнетің көріңіз деген тілектерін жеткізді.  

 

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды