Шаруашылықтар қысқа дайын ба?

Аймақтар
24.10.2025, 09:50
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қысқы кезеңде бөлімшенің үздіксіз жұмысын, теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін күзгі комиссиялық тексеру екі аптаға созылып, қорытындысы шығарылды.

Жамбыл жол бөлімшесінде өткен кеңейтілген жиында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов комиссиялық тексеру жұмыстарының қорытындысын жариялап, екі салалық құрылым бойынша анықталған кемшіліктер толық сараланғанын атап өтті.  

– Тексеру барысында инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның, өндірістік-техникалық объектілердің, қызметтік өткелдер мен перрондардың жай-күйіне, қызметкерлерді қысқы арнайы киіммен, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бағалауға ерекше назар аударылды. Анықталған ақаулар бойынша жою мониторингі жасалды. Сонымен қатар персоналдың кәсіби даярлық деңгейін бағалау, техникалық оқу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес қызметкерлердің штат санының жинақталуы да тексерілді, – дейді Айдын Пайзылдаұлы.  

Жалпы Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты 100 қызметтік және өндірістік ғимарат пен құрылыстарды қысқы маусымға дайындау жоспарланған. Комиссия шығарған қорытындыға сүйенсек, қазіргі уақытта олар қатал маусымға жүз пайыз дайын. Сондай-ақ бөлімше бойынша 8 жылыту қазандығы мен оның жабдықтарын жылу маусымына дайындау да толығымен орындалыпты.  

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең алдымен тасымалдаушыларды даярлау – аса маңызды міндет. Техника өз алдына, мамандар да теориялық, практикалық тұрғыда бәріне дайын тұруы қажет. Осы мақсатта Жамбыл бөлімшесінде оқып, біліктіліктерін арттыруы тиіс болған 121 адам түгел арнайы курстан өткен.  

Локомотивтер мен жүйелердің тораптарын қысқы режимге ауыстыру міндеттемесінде 134 локомотив дайындалуы керек екендігі көрсетілген. Қазан айының алғашқы аптасындағы мәлімет бойынша, тартқыш және моторлы вагонды жылжымалы құрамды комиссиялық қарап-тексеруді жүргізу және ресімдеу қағидаларына сай келетіні 60 бірлікті құраған. Бұл – жалпы жоспардың 44,78 пайызы.  

Комиссияның мәлімдеуінше, тексеру кезінде Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі филиалдарына қарасты құрылымдарға 1836 ескерту анықталған. Таратып айтсақ: қозғалыс және жүк тасымалына – 453, вагон шаруашылығына – 87, локомотив шаруашылығына – 24, жол шаруашылығына – 453, белгі беру және байланыс шаруашылықтарына 301 ескерту тиесілі болса, 256-сы еңбекті қорғауға қатысты, 181 – электрмен жабдықтау, 66-сы өрт қауіпсіздігіне қарсы шараларға тиесілі.

Тексеру жүргізген комиссия құрамы 17 мәселеге байланысты тыйым салды. Анықталған кемшіліктерді түзеу үшін берілген екі апталық кезеңде 1524 ескерту жойылған. Тағы 312-сі жойылу сатысында.  

Жұмыс барысын қадағалаудың нәтижесінде, маусымаралық кезеңдерге дайындық шараларын күшейтудің арқасында биыл Жамбыл жол бөлімшесінде бұзушылықтар саны 59,8 пайызға кеміген. Анықталғаны – 1836. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1232 жағдайға аз.  

Әр сала бойынша жауапты мамандар есеп беріп, анықталған кемшіліктер мен объектілер және техникалық құралдарды күтіп-ұстаудағы ауытқуларды жоюға байланысты жұмыс жайын баяндады. Комиссия Жамбыл бөлімшесінің шаруашылықтары жалпы қысқы кезеңде жұмысқа дайын деген қорытынды шығарды.  

 

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда