Тараздағы оқу орталығында машинист-инструкторлар үшін практикалық дәріс өтті

Аймақтар
29.10.2025, 10:59
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қазіргі уақытта Тараз көліктегі оқу орталығында Түркістан, Арыс, Шу, тағы да басқа қалалардан біліктіліктерін арттыруға келген машинист-инструкторлар курстан өтуде.

Жуырда орталықта біліктіліктерін арттыру курсынан өтіп жатқан машинист-нұсқаушылар үшін Жамбыл локомотив пайдалану және «Қамқор локомотив» ЖШС деполарында практикалық дәріс өтті. Оқу орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Ақназарованың ұйымдастыруымен өткен дәрісте тыңдаушылар тараздық әріптестерімен тәжірибе алмасып, депо жұмысымен танысты.  

Орталықта тыңдаушыларға теориялық білім берумен қатар, практикалық дағдыларын жетілдіруге тәжірибе алаңдары мен лабораториясын қатар ұсынуға мүмкіндік мол. Әйтсе де, өндірістегі жұмыс барысымен танысудың жөні бөлек.  

– «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай арнайы ұйымдастырылған экскурсиялық сабақты «Қамқор» локомотив депосы сапаны бақылау бөлімінің бастығы Нұрболат Нұрсейітов пен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері Ирина Куцева жүргізді. Машинист-инструкторлар тобының кураторы Әбдікәрім Бейсембаев локомотивтерді жөндеу процесінде қай цехта қандай жұмыстар жүргізілетінін түсіндіріп отырды, – дейді Гүлжан Ақназарова.

Оқу орталығының оқытушы-кураторына деподағы жұмыс барысы жақсы таныс. Әбдікәрім Түзелбайұлы біраз жыл машинист болып еңбек етіп, кейін 17 жыл «Қамқор» локомотив депосында қабылдаушы қызметін атқарған. 

 

– Қабылдаушы болып жұмыс істеген кезімде жөндеуден өткен локомотивтердің әр деталін жіті қарап, тексеріп барып жолға шығаратынбыз. Сондықтан деподағы жұмыс процесін жақсы білемін. Мұндағы әріптестеріммен байланысымыз үзілген жоқ, – дейді Әбдікәрім Бейсембаев.

Экскурсиялық сабақ бір сағаттан аса уақытқа созылды. Уақыт түске таяп қалғанына қарамастан, жөндеу цехтарындағы процес бір сәтке де баяулаған жоқ. Әр маман, әр жұмысшы өз істерін  жауапкершілікпен, тиянақты атқарып жатты. Уақытпен санаспайтын теміржолшылар түскі үзілісті де ұмытқандай. Басқа өңірлерден келген тыңдаушылар мамандармен тәжірибе алмасып, ой бөлісті.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды