Теміржолшылар әулеті «Мерейлі отбасы» жеңімпазы атанды

Аймақтар
06.11.2025, 10:34
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – рухани және отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын нығайту мақсатында елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл он екінші рет өткізіліп отырған байқауға Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылынан Өтеповтер отбасы қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.    

Отағасы Зияпеден Өтепов– ардагер-теміржолшы. Ол 1953 жылы Теңіз ауданы Даңғызыл ауылында дүниеге келген. 1971-1973 жылдары Ақтөбе теміржол училищесінде машинист көмекшісі мамандығы бойынша білім алып, еңбек жолын Атырау локомотив депосына қарасты Ганюшкино айналым депосында машинист көмекшісінен бастап, қырық жыл тепловоз тізгіндеген машинист болды. Зайыбы Мағауира екеуі екі қыз, екі ұл өсіріп жеткізіп, бүгінде тоғыз немере, бес жиенінің тәрбиесімен айналысып отырған жайы бар. Әуелі аудандық, сосын облыстық байқауда жеңімпаз атанған отбасы республикалық байқауда да үздік отбасының бірі ретінде танылып, диплом, ескерткіш сыйлық пен 1 миллион теңге қаржылай сертификатқа ие болды.  

– Әке-шешенің бұл өмірде ұрпағына берер ең басты міндеті – ол үлгілі, әдепті тәрбие беру. Біз балаларымызға соны сыйлай алдық деп ойлаймыз. Екі балам мен бір қызым менің жолымды жалғастырып  теміржолшы мамандығын таңдады. Кенже қызым Самал геолог, бәрі де отбасылы, бала-шағалы. Республикалық байқауға жеткенімізге, ел басшыларының қолынан марапат алғанымызға өте қуаныштымыз, – дейді Зияпеден аға.  

Мерейлі отбасының тұңғышы Толқын Ганюшкино станциясында билет кассирі, үлкен ұлы Берік әкесі сияқты тепловоз машинисі, кенже ұлы Қуаныш станцияда жұмыс істейді. Зияпеден аға салауатты өмір салтын ұстанатын, нағыз спортшы десек, артық айтқандық емес. Үнемі тренажердан түспей, әр түрлі жаттығулар жасап, дене шынықтырумен айналысады. Оған қоса қазақтың байырғы хоббиі аңшылықпен айналысатын өнері бар, құралайды көзге атқан мерген. Түз тағысы қасқыр сынды жартқышты ұстап, үкіметке өткізеді. Тағы бір өнері – өзі аулаған бағалы жануарлар терісінен коллекция да жинайды. Ал Мағауира апай – отбасының ұйытқысы, ерінің сенімді серігі, шаңырақтың берекесі, қолы ашық, қонақжай, «Үйдің иесі де, киесі де – ер-азамат қой» деп отыратын парасатты жан. Міне, осындай отбасының байқаудан жеңімпаз атануы, мерейлі болуы – заңды-ақ құбылыс.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды