Таразда болашақ теміржолшыларға арналған ашық сабақ өтті

Аймақтар
13.11.2025, 14:06
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржол жүйесінде электр және автоматтандыру саласының маңызы зор. Сондықтан электр жүйесін реттеу, тоқ жүйелерін бақылау және автоматтандырылған басқаруды игеру – болашақ теміржолшылар үшін аса қажет дағдылар.

Тараз көлік және коммуникация колледжінде өткен «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбында ашық сабақта болашақ мамандарға пойыздар қозғалысындағы электр және автоматтандыру жүйесінің маңызы мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.    

Ашық сабаққа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының ЭЧ-21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері Марат Құлбаев арнайы шақырылып, білікті маман электрмен жабдықтау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету барысын арнайы сызбалар арқылы көрсете отырып, студенттерге қауіпсіз еңбек процесін қамтамасыз ету үшін қойылатын талаптар туралы айтып берді.

– Мысалы, электромонтер – қауіп-қатермен бетпе-бет жұмыс істейтін, электрмен жабдықтау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиялық процесін қамтамасыз ететін маман.  Мұндайда сауатты қимылдап, өзін қорғай алған маман ғана қауіп- қатердің алдын ала алады. Сондықтан дистанцияда өтетін өндірістік сабақтарда алдымен қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі, – деді өндірістік оқыту шебері.

Тәжірибелік сабақта еңбекті қорғау мәселесінің болашағы мен маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар темір жолда орын алған жазатайым оқиғалар бойынша талдау жүргізілді.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды