Атырауда Абай мұрасы дәріптелді

Аймақтар
17.11.2025, 16:51
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ және аудармашы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай елімізде көптеген шаралар өтіп жатыр. Ұлы ақынның рухани мұрасын паш еткен әдеби кеш Атырау магистральдық желі бөлімшесінде де өткен болатын.

Бағдарлама шартына сай сайыста ұлы тұлғаны сомдау, Абайдың әндерін орындау, қара сөздерін мәнерлеп оқу және ақынның өмірін, шығармашылық жолын қамтыған викториналық сұрақтарға жауап беру талаптары қойылды. 6 команда қатысқан кеш өте тамаша өтіп, Абай жырларымен сусындаған теміржолшылар бір серпіліп қалған. Жуырда ҚТЖ – Магистральдық желі дирекциясы филиалының директоры Сакен Рахметовтен Атырау магистральдық желі бөлімшесі ұжымына арнайы Алғыс хат келді.  

«Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арнап «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты арнайы әдеби кеш, дөңгелек үстел ұйымдастырғандарыңыз үшін шынайы көңілмен алғысымды білдіремін. Абай әлеміне терең бойлап, оның рухани мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған мұндай бастамалар ел руханиятын байытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге сүбелі үлес қосары сөзсіз. Іс-шараға атсалысқан барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шын жүректен алғыс айтамын. Еңбектеріңіз жана берсін, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілеймін» делінген алғыс хатта. Алғыс хатты Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры Аралбай Қосымбаевқа кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Бисенғалиев салтанатты түрде табыс етіп, ұжымның бірлігі нығая беруін, өндірістік және рухани жетістігі де мол болуын тіледі.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды