Құқықтық сауаттылық артуда

Аймақтар
17.11.2025, 17:01
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде теміржолшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен ұжымдары арасында еңбек құқықтарының сақталуы мен қорғалуы жолында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Жуырда бөлімшенің бас инженері Қанат Имашевтің төрағалығымен Абай өңірлік көлік прокуратурасы қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Жиында еңбек заңнамасының талаптары түсіндіріліп, жалақыны уақытылы төлеу, желі бойындағы мекемелер бойынша жұмыс уақытының нормаларын сақтау, еңбек демалыстарын беру және еңбек орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.  

Абай өңірлік көлік прокуратурасының аға прокуроры Ерасылбек Сәкенбекұлы теміржол саласы бойынша жиі кездесетін мәселелерге тоқталып, кез келген күрмеулі мәселелерді шешуде көмек көрсетуге әрдайым әзір екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ жиын барысында еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлерді олардың келісімінсіз және тиісті ақысыз артық жұмысқа тартуға жол бермеу мәселелеріне де айрықша көңіл бөлінді. Осы орайда мекемелер мен депо басшылары, бас инженерлерінің де пікірлері тыңдалды. Мұнымен қоса қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығы да баса атап өтілді.  

Іс-шарадан кейін кәсіпорын қызметкерлері көлік прокуратурасы өкілдерінің жеке қабылдауында болып, еңбек құқықтарына қатысты сауалдарына жауап ала алды.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті