Кәсібилікті шыңдау жолында

Аймақтар
25.11.2025, 09:32
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей магистральдық желі бөлімшесіне өндірістік оқыту шеберлерінің десанты келіп түсті. Атап айтсақ, ПЧ Балқаш, ЭЧ Қызылорда, ШЧ Қарағанды сынды бірқатар мекемелерден келген шеберлер нұсқаулық аясында дәрістер өткізді.

Семей жол дистанциясының базасында еңбекті қорғау және жұмыс орындарындағы өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша өткен танымдық-тағылымдық маңыздылығы зор шараға қос бағытқа қызмет көрсететін ПЧ39 жолшыларынан бөлек жол шеберлері мен еңбекті қорғау инженерлері жиналды. Теміржолшылар алдында Магистральдық желі дирекциясының еңбек қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Айгүл Ерімбетова сөз алып, тақырып аясында кеңінен сөз өрбітті.  

Жиынның келесі бөлімінде желі бойындағы қауіпсіздік шараларын сақтамаудың себеп-салдары бойынша нақты мысалдар келтіріліп, тұшымды дәріс өткізілді. Бұл орайда Балқаш жол дистанциясынан келген, жол саласында 30 жылдан аса тәжірибесі бар өндірістік оқыту шебері Олег Дмитриевич сөз алып, өзекті тақырыптарды қозғады. Әсіресе жолшылар үшін маңызды саналатын қысқы мезгілде бағыттамалы бұрмаларды тазалау барысындағы сақтық, қарлы-боранды күндердегі қауіпсіздік талаптары бойынша әңгіме қозғалды. Жиналғандар алдында деректі танымдық фильмдер көрсетіліп, талқылаулар да ұйымдастырылды. Жол шеберлері мен еңбекті қорғау инженерлері ортақ тақырып аясында пікір алмасты. Тәжірибелік мақсатта практикалық жұмыстар да жүргізілді.  

Семей НЖС-6 бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Жомарт Шапишевтің айтуынша, бүгінгі таңда шығыстағы желі бойынша, әсіресе жол шаруашылығында еңбекті қорғау талаптарын өрескел бұзу фактілері жоқ. Десек те, мұндай оқыту жұмыстарының маңызы қашанда зор. Әрдайым ізденісте жүрудің берері мол.  

Семей жол дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Гүлзавира Елемесованың сөзіне сүйенсек, еңбекті қорғау шараларын ұйымдастыруда жыл басынан бері кешенді жоспар жасалынып, қажетті көлемде қаражат бөлінген. Әрбір тоқсан бойынша белгіленген қаржы толық игерілуде. Соның нәтижесінде болар, бүгінде дистанция көлемінде өндірістік жарақаттануға жол берілген жоқ. Оның сыртында жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуда да кешенді түрде жұмыстар жүргізілуде. Бұған осындай семинарлар мен техникалық дәрістердің де септігі тиюде.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті