Техникалық кітапханаға – 90 жыл

Аймақтар
27.11.2025, 14:36
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі Семей теміржолындағы бірегей мәдени-рухани орталық саналатын техникалық кітапхананың құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр. Жуырда бөлімше басшылығы, ҒТА және талдау орталығы мен салалық кәсіподақ ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен айтулы дата аталып өтті.

Салтанатты іс-шараға кітапханада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер кітапханашылар, тұрақты оқырмандар мен ардагер теміржолшылар, жалпы тілеулес қауым жиналды.  

Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығының орынбасары Дәурен Батталов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов сөз сөйлеп, ғасырға жақын теміржолшылардың рухани қажеттілігін өтеп келген кітапхананың рөлі мен маңызын сөз етті. Құрметті теміржолшы, «Түрксіб-Семей» мұражайының құрметті директоры Мақсұт Көшжанов, теміржолшы әйелдердің «Бағыт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нағима Мойынбаева, НЖС-6 бөлімшесінің аға мұрағатшысы Қымбат Оразалина да ізгі тілектерімен бөлісті. Бұл іргелі мекеме теміржол саласындағы кәсіби білім мен мәдениеттің алтын көпірі десті бірауыздан. Ал кітапханада кеңес дәуірі мен одан кейінгі аумалы-төкпелі кезеңде қызмет еткен Тамара Махнева, Күлбара Жүнісовалардың өткен күндерден сыр шерткен естеліктері көпшіліктің көңілін толқытты.  

Бүгінде ҒТА және талдау орталығының бастығы Баршагүл Омарова, бас кітапханашы Гүлмира Аралбаева, жетекші кітапханашы Айнұр Шарипова көптеген қоғамдық іс-шараларға ұйытқы болып жүр. Техникалық кітапхананың заманға сай жаңғырып, дамуын көрсететін бейнебаян көрсетілді.  

Сандық технология дамыған бүгінгі таңда да кітапхананың тұрақты оқырмандары өте көп. Әсіресе жаңа кітаптар мен газет-журналдарды жібермей оқитындар арасында басшылардың қатары молдығы қуантады. Жиында үздік оқырмандарға Алғыс хаттар табыс етілді. Олардың арасында аймақтық бас ревизор Темірбек Ақшалов, еңбекті қорғау саласының маманы Жомарт Шапишев, спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова бастаған кітапсүйер теміржолшылар бар.  

Сонымен қатар кітапханашылардың өз оқырмандары мен кеш қонақтарына жасаған ерекше тартуына куә болдық. Олар Түрксіб теміржолынан қалған тәбәрік сынды көне кітаптардан арнайы көрме ұйымдастырыпты. Бір ғажабы, өткен ғасырдың 30-шы жылдары жарық көрген салалық туындылар әлі күнге дейін маңызын жоймаған.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті