Қызылордада теміржол автоматикасын жетілдіру жолдары қаралды

Аймақтар
05.12.2025, 09:04
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының жөндеу-технологиялық базасында «Теміржол автоматикасы мен телемеханика құрылғыларының сапалы өндірісі – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің кепілі» атты мазмұнды әрі мағыналы семинар өтті. Теміржол саласының өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған бұл іс-шара мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, өндірістегі тәртіп пен сапаны күшейтуге бағытталды.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Саулебековтің басшылығымен жол картасы аясында өткен семинарда өндірістік процестерді жақсарту мен қауіпсіздік мәдениетін күшейтудің нақты тетіктері талқыланды.  

Семинар жұмысына жетекшілік еткен жөндеу технологиялық телім басшысы Нұрлан Жәнібеков пен СОБ аға электромеханигі Сәбит Қайролла тақырыпқа орай баяндама жасап, өндірістік процестердің сапасын арттыру, құрылғыларды жетілдіру және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы негізгі міндеттерге жан-жақты тоқталды. «Теміржол автоматикасы мен телемеханика құрылғыларының сапалы өндірісі – пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші буын. Сондықтан құрылғылардың сенімділігін күшейту, жөндеу-технологиялық процестерді жетілдіру және қауіпсіздік мәдениетін жаңаша деңгейде қалыптастыру – бүгінгі таңдағы басты міндет» деді мамандар.  

Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өндірістік талаптар мен стандарттарды қатаң сақтау қажеттілігін сөз етті. СОБ мамандары күнделікті атқаратын жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетіп, құрылғыларды дайындау, реттеу және тексеру бойынша жинақтаған кәсіби дағдыларын ортаға салды. Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының жөндеу-технологиялық базасында «Теміржол автоматикасы мен телемеханика құрылғыларының сапалы өндірісі – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің кепілі» атты мазмұнды әрі мағыналы семинар өтті. Теміржол саласының өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған бұл іс-шара мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, өндірістегі тәртіп пен сапаны күшейтуге бағытталды.  

Қатысушылар тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныстар талқылаудың мазмұнын байытып, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған тың ойларды туындатты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар мамандардың шеберлігін шыңдауда, сапалы өнім шығаруда және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.  

Жалпы, семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, теміржолшылардың кәсіби дамуына, ұжымдық жауапкершілікті нығайтуға және қауіпсіздік мәдениетін күшейтуге елеулі үлес қосқаны анық. Өйткені қозғалыс қауіпсіздігі – бүкіл ұжымның ортақ міндеті, ал құрылғылардың сапалы дайындалуы осы жауапкершіліктің негізгі құрамдас бөлігі болып қала береді.  

Дистанция мамандары байланыс құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын кепілдендірілген мерзіміне дейін қамтамасыз ету үшін оларды өндіріс алдындағы жан-жақты зерттеуден өткізуді қатаң қағида ретінде ұстанады. Тексеру мен сынамадан өткен құрылғылар ғана өндіріске жіберіледі. Себебі жарамдылық мерзімі аяқталмай жатып құрылғының істен шығуы – зерттеу кезеңіндегі технологиялық талаптардың толық орындалмауынан кеткен қателіктің белгісі. Мұндай олқылыққа жол бермеу үшін әр құрылғы бірнеше рет, бірнеше маман тарапынан қайта тексеріліп, бақылау жүйелі түрде күшейтіледі.  

Семинар барысында кәсіби міндеттерін мінсіз атқарып жүрген білікті электромеханиктер марапатталып, олардың еңбегіне лайықты баға берілді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады