Аға буынның айтары бар

Аймақтар
09.12.2025, 08:30
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жұмысшы мамандықтар жылына орай Тараз қалалық «Жастар» ресурстық орталығы «Болашаққа – техникалық біліммен» атты кездесу ұйымдастырды.

Тараз сервис және технология колледжінде өткен іс-шараға Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі Тараз станциясының коммерциялық агенті Інжу Шаханова мен аға тауар кассирі Сәнімкүл Арыстанова арнайы шақырылды.  

Ұйымдастырушылардың студенттермен кездесуге аға буын теміржолшыларды шақыруында үлкен мән бар. Себебі заман өзгеріп, ақпараттық технологиялар күн санап жаңарып отырса да, логистикалық жүйе экономиканың негізгі драйвері болып қала бермек. Ал Еуразияның жүрегі саналатын Қазақстанның транзиттік әлеуеті өте зор. Елімізде тасымалдаудың негізгі түрі – темір жол. Сондықтан қазір де, болашақта да теміржол саласында жұмысшы және техникалық мамандарға деген сұраныс төмендемейді.  

Кездесуде тәжірибелі теміржолшылар студенттерге техникалық білімнің маңызы туралы әңгімеледі. Інжу Шайымбетқызы еңбек нарығында қандай мамандықтарға сұраныс барын қозғады. Техникалық білім алған жас – ертеңгі күні жоғары технологияларды меңгерген, жаңа идея мен жаңашылдықты өмірге енгізе алатын маманға айналатынын жеткізді.  

Еңбек жолын Тараз станциясында жүк қабылдаушы болып бастаған Сәнімкүл Арыстанова талайлы тағдыры қандай қиындықтарға тап қылса да, жұмысын тастап кете алмағанын айтып, естеліктерімен бөлісті. Таңдауына – табандылық, мамандығына адалдық танытқан кассирдің еңбегі жанып, былтыр «Үздік жүк тасымалдаушы» медалімен марапатталды. Мерейі өскен теміржолшы қазір аға тауар кассирі.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды