Күзет қырандарына құрмет

Аймақтар
11.12.2025, 10:16
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

9 желтоқсан – теміржол көлігіндегі әскерилендірілген күзет қызметінің құрылған күні. «ӘТЖК» ЖШС-нің Семей филиалы 104 жылдық кәсіби мерекелерін атап өтті. Теміржол бойындағы күзет қырандары үшін бұл күн өткенге есеп, келешекке жоспар жасалған ерекше іс-шара болды.

Мерекелік жиынға филиал басшылары мен желі бойындағы күзетшілер, Семей ЖТ бөлімшесі басшылығы арнайы қатысты. Барша қатысушыларды бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов кәсіби мерекемен құттықтады.

Жалпы, 1394 шақырымды құрайтын Семей теміржолында нысандар мен жүк және жолаушы пойыздарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылымның жұмысы бүгінде жүйелі жүргізілуде. Бұл жайында Семей филиалының директоры Самат Райымбеков өз құттықтау сөзінде кеңінен тоқталып өтті. Жылдың өткен он бір айында филиалдың мобильді шұғыл әрекет ету тобы күзетшілерінің қырағылығы арқасында бір емес, бірнеше ұрлықтың алды алынған. Шекаралық аймақ саналатын Семей ЖТ бөлімшесі үшін желі бойындағы қылмыстарға жол бермеудің маңызы жоғары. Сондықтан кәсіби мерекеге орай білікті мамандар лайықты марапатқа ие болды. Атап айтсақ, Шыңғыс Мамырбеков, Думан Оспанов, Ильдар Алишев, Нұрбек Капсаметов сынды өз ісінің хас шеберлері алғыс хат алды.  Филиал басшысы Самат Ғазизұлы еңбекте жетістікте жетіп жүрген әріптестерін салтанатты түрде марапаттап, алғыс айтты.  

– Бүгінде филиал қарамағындағы нысандар сапалы күзет жасақтарымен қамтылғандықтан ұрлық-қарлық, бұзақылық орын алмаған. Әскерилендірілген күзет қызметі қылмыстың алдын алумен қатар, құқықбұзушылықтың жолын кесумен де ерекшеленеді, – дейді бұл ретте пікір білдірген филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Амантай Қатпенов.

Түйіндей айтсақ, «ӘТЖК» ЖШС Семей филиалының ұжымы алдағы уақытта да өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға толық мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда басшылық пен кәсіподақ тарапынан барлық қолайлы еңбек жағдайы жасалған.    

Салтанатты жиын соңы күзет қырандарының құрметіне аналған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды