Мұнайлы өңірдің жүк тасымалы күшейді

Аймақтар
19.12.2025, 09:15
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстанның мұнайлы астанасы Атырау өңірінде де жыл сайын инфрақұрылым жаңартылып, ол өз кезегінде теміржол жұмысына оң әсерін тигізіп, тасымал көлемін де өсіріп отыр. Биылғы жылдың 11 айында Атырау бөлімшесі жүк тасымалы бойынша жалпы көлемі 133 391 вагон, 6 593 374 тонна мұнай өнімдері тасымалданды.

Оның ішінде: Құлсары станциясы бойынша пропан-бутан және мұнай өнімдері – 2 212 485 тонна, Теңдік станциясы бойынша мазут, газойл, кокс, дизель отыны, автобензин – 4 155 604 тонна. Сазанқұрақ базасынан мұнай – 35 678 тонна. Махамбет станциясы бойынша 189 610 тонна мұнай тасымалданды. Жүк тасымалының жоспары 11 айда 75% орындалды. Мұнай өңдеу зауытымен қоян-қолтық жұмыс істейтін станцияның қуатын арттыруды да компания басшылығы бастама етіп көтерген болатын. Зауытпен қапталдас станцияларда бұрмалар түгел автоматтандырылды, олардың жүк өткізу қабілеті мен техникалық қуатын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде вагондарды қабылдау-жөнелту тездетіліп, жұмыс та жеңілдеді. Аймақтағы станциялардың осы бөлімшеге берілуі оларға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.  

Инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, кеңейту, технологиялық процестерді жетілдіру мақсатында жол шаруашылығы бойынша 2025 жылдың 11 айында Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша жалпы көлемі 66,721 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Олар Разъезд №4 – Разъезд №5 Ганюшкино, Разъезд №265, Разъезд №279 және Разъезд №465 – Разъезд Толтыр – Разъезд №467 учаскелерінде жүргізілді. Жолды күрделі жөндеу толығымен 100 пайызға орындалды.  

Сондай-ақ 2025 жылдың 11 айында жоспар бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарына келсек, күрделі орташа жол жөндеу жұмысы 9,871 шақырымды құрады. Темірбетонды бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру бойынша 31 жиынтық жоспарланып, қазіргі уақытта жаңа 10 бұрма жоспар бойынша орнатылды. Ескі бұрмаларды қайта ауыстыру жұмыстары бойынша 21 комплекті орнатылды. Түйіспесіз рельс ауыстыру жұмыстары 12,811 шақырымды құрады, түйіспесіз рельс тозығы бар жерлерге және станциялық жолдардың жай-күйін жақсарту мақсатында орташа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген станциялық жолдарға төселді. Ал Р-50 типінен Р-65 типіне ескі рельстерді ауыстыру жұмыстарының орындалуы 9,5 шақырымды құрап отыр. Станция жолдары мен бағыттама бұрмалардың жағдайын жақсарту және нығайту жұмыстарының орындалуы 3,9 шақырым. Бағыттамалардың желінуін азайту мақсатында 10 бағыттамалы бұрмаға протекторлар орнатылды. Жол жөндеу бойынша МПТ-4 техникасы, ДГКу техникасы, ЕДК-300 краны, ЕДК500 краны сияқты машиналар кешені пайдаланылып, технологиялық процесс жетілдірілді. Әлбетте, жолдың сапалы жөнделуі жүк және жолаушылар пойызының жылдамдығына жағымды ықпал ететіні анық.  

Сонымен қатар Маңғыстау- Бейнеу-Оазис-Мақат-Атырау-Ақсарай учаскелерінде диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы түбегейлі жаңартылып, нәтижесінде байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып, енбек үдерісінің үдеуіне жағымды ықпал етуде. Белгі беру және байланыс дистанцияларында байланыспен қамтамасыз ету жағына аса көңіл бөліп, ескі құрылғыларын жаңа үлгідегі, озық технология талаптарына сай жүргізуге көшті, талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізіліп, байланыс айтарлықтай жақсарды.  

Сондай-ақ барлық аймақ бойынша DX-500 арқылы телефон байланысы орнатылды. Соның арқасында халықаралық сөйлесулер коммутатордың қосуынсыз немесе «8» байланыс нөмірінсіз мүмкін болды, яғни сөйлесулер жедел әрі тегін. Атырау белгі беру және байлыныс дистанциясы бойынша пойыздар жүрісін басқару жүйесі ескі құрылғы МПДЦ-дан МП АСДЦ-ға алмастырылды. Сонымен бірге Атырау, Махамбет станцияларында ескі ПВ-60, ВП-2, ПРББ, ПВ-24, ПВ-220 қоректендіру панельдері жаңа үлгідегі цифрландырылған ПП-ЭЦ-70 панельдер жүйесіне, Атырау және Ганюшкино станциясында ескі 1970 жылғы ДГА-24М қосалқы электрстанциясы жаңа үлгідегі BL-30 электрстанциясына ауыстырылды.

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты