Семей – Ақтоғай аралығында рейд: теміржол бойындағы күзет жұмыстары тексерілді

Аймақтар
22.12.2025, 17:37
Оқуға 1 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қысқы маусымдағы желі бойындағы қауіпсіздік жұмыстары біршама күшейтілген. Желі бойында ұрлық пен бұзақылықтың алдын алу, мүліктер мен нысандарды бүлінуден қорғау мақсатында әскерилендірілген теміржол күзеті бірқатар кешенді шараларға көшкен.

Мәселен, жуырда ақ түтек боранға қарамастан арнайы рейд өткізілді. Атап айтсақ, Семей – Шар, Шар – Аягөз, Аягөз – Ақтоғай телімдерінің аралығы толықтай тағы бір мәрте сүзгіден өткізілді. Жедел алдын алу іс-шараларына филиал басшысы Самат Райымбековтің өзі жетекшілік етті.  

Бұл жолғы төтенше тексеру жұмыстары барысында күзет қырандары желі бойындағы барлық станцияларда болып, тек жергілікті тұрғындармен ғана емес, станция қызметкерлерімен де әңгімелесу өткізді. Әсіресе күзет бекеттері ерекше назарға алынды. Мұндай жұмыстар ауа райының қолайсыздығына қарамастан түнгі мезгілде де жүргізілді. Осы ретте Ақтоғай, Таңсық, Жарма, Жаңғызтөбе сынды тораптық жүк станцияларында ӘТЖК Семей филиалының күзетшілерімен кездесулер өткізіліп, тілек-өтініштері де тыңдалды.  

Басшылық құрам бастаған топ станциялық жолдардағы жылжымалы құрамдардың күзетілу барысын тексеріп, вагон парктерінде де болды. Нәтиже көрсеткендей, тиелінген жүктердің амандығы ойдағыдай, жеткізілетін мүліктер сенімді қолда. Түйіндей айтсақ, байтақ Семей теміржолының 1394 шақырымдық телімінде нысандар, жүк және жолаушылар пойыздары қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жігіттердің жұмысы жүйелі атқарылуда.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды