Вагондарды жөндеу сапасы сөз болды

Аймақтар
23.12.2025, 08:26
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау вагон пайдалану депосында вагондардың уақытылы әрі сапалы жөнделуі талқыланған дөңгелек үстел өтті.

Оған депо басшылығы, инженерлер, вагон-қабылдап жөнелтушілер, «Ақ-Жайық-7», «Ремвагон», «ТексолТранс» сынды вагон жөндеу мекемелері мен «Қазтеміртранс», «РТС Operator», «РТС Holding», «Про Транс Логистик», «Петролеум» ЖШС вагон меншік иелерінің өкілдері қатысты.  

Жиынға қатысушылар тақырыпты жан-жақты талқылап, вагон жөндеу сапасын жақсартуға арналған ұсыныстарын алға тартты.  

Мамандардың пікірінше, мәселе көбіне вагондардың кепілдік мерзіміне жетпей ақау табылғанынан шығып жатады. Еліміздің магистральды жолымен жүйткіп жүретін ВУ-41 акт-рекламация жасақталған вагондар технологиялық сипаттағы ақау әсерінен ағытылып қалады. Соның ішінде серіппелер, тежегіш құралдары, вагон шанағы, букстың қызып кетуі, доңғалақтың тілініп кетуі, вагон рамасының сынуы, т.б. ақаулар жиі кездеседі. Осындай ақауларға байланысты ағытылған вагондар кінәсі жөндеу мекемелеріне артылып жататыны да рас. Сондықтан да жоспарлы, күрделі және деполық жөндеу сапасын арттыру керек. Ол үшін вагон ағытылған жерлерге жөндеу мекемелері мен вагон иелерінің өкілдерін жіберіп, жасақталған акт негізінде ақау түріне қарай жөндеу цехтарына нақты тапсырмамен шығу қажет. Сонда талап күшейтіліп, жөндеу сапасы да артады деген уәжге тоқтады мамандар.  

 

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді