Марапатқа лайық машинистер

Аймақтар
20.01.2026, 08:47
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей локомотив пайдалану депосында ұзақ жылдар бойы елеулі еңбек еткен тепловоз машинистерін барша ұжым мүшелері үлкен сый-құрметпен шығарып салды.

Темір тұлпар тізгініндегі Серік Сапаров пен Қайрат Сәдуақасов жай ғана кәсіби машинистер емес, өз қызметтерінің хас шеберлері. Сондықтан оларға тек жолаушылар пойызын жүргізу сеніп тапсырылған.  

Бұл жолғы ерекше рәсім локомотившілердің қалыптасқан дәстүріне сай вокзал басында өтті. Қос машинисті соңғы рет жүргізіп келген тепловоздарынан түсіріп алған ұжымдастары олардың аяғын жерге тигізбей, құшақтарын гүлге толтырды.  

– Локомотив пультінде, соның ішінде жолаушылар тасымалындағы тепловозда тек таңдаулы машинистер отырады. Тәртіп пен төзімділікке негізделген тәжірибесі бар жандар ғана лайық. Жол үстіндегі жұмыс барысында өткен ұйқысыз түндер мен кестеден кешігуге болмайтын жауапкершілік әрдайым осы машинистердің бойынан табылады. Сол себептен де зор құрметке лайық, – дейді бұл орайда пікір білдірген ТЧЭ-24 кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Дүйсенбаев.  

Құрмет иелеріне деген ілтипат Дархан Қажығұлов басқаратын Семей локомотив депосының барша қызметкерлері жиналған жиында жалғасты. Депо басшылығы мен кәсіподақ бірлесіп мерейгерлерге қазақы дәстүрмен шапан жауып, бағалы сыйлықтар табыс етті. Локомотившілер ұжымы естелік суретке түсіп, қос әріптесін қимай шығарып салды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды