Білімді маман – білікті маман

Аймақтар
29.01.2026, 10:07
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың білімі мен біліктілігі талапқа сай болуы үшін мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға үнемі көңіл бөлінеді. Атырау магистральдық желі бөлімшесі өткен жылы жеті жүзге жуық қызметкердің білімін көтерген.    

Бұл мақсатта техникалық сабақтар өткізу, онда түрлі жағдайлар мен оқыс оқиғаларға байланысты жеделхаттар оқытылып, сабақ барысында қысқаметражды видеороликтер, ситуациялық схемалар міндетті түрде жұмысшылар назарына ұсынылуы, мұндай жағдайлардың қайталанбау үшін білім деңгейін көтеру аса маңызды.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің менеджері Анар Жалғаспаеваның айтуынша, жыл сайын басшылар мен қызметкерлер әр түрлі тақырыптағы біліктілікті көтеру курстарынан өтеді. Мысалы өткен жылы Астана қаласындағы «Теміржол  көлігі  персоналын  бағалау  және  дамыту  орталығы» филиалының жоспарына сәйкес «Кәсіпорындарда еңбекті қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында 106 адам, «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» бойынша 45 адам, «Біліктілікті  жетілдіру» – 51 адам, «Өрт-техникалық  минимум» – 77 адам,  «Электр қауіпсіздігі» – 30 адам, «Экологиялық  қауіпсіздік» – 21 адам – барлығы 330  қызметкер жұмыстан босатылып, 3-5 күн онлайн оқыған. Сондай-ақ жас мамандар немесе басқа лауазымға ауыстырылған мамандар Ақтөбе қаласындағы теміржолшылардың оқу орталығында қайта даярланады. Соған сәйкес 67 адам мамандығы бойынша жұмыстан босатылып, 4  ай мерзімге даярлық курсына барып оқыған және 2 апталық  біліктілікті  арттыру  курсына – 30 адам, 10 сағаттық өнеркәсіптік  қауіпсіздікке 218  адам  онлайн  оқыған. Кадр менеджері атап өткендей, әр мекемеде өндірістік оқыту шеберлері де бар, олар қызметкерлерге ай сайын техникалық сабақ өткізеді, ал  учаскелерге арнайы іссапармен  барып оқытады. Нәтижесінде өткен жылы жеті жүзге тарта қызметкер білімін көтеріп, біліктілігін арттырыпты.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды