Теміржолшылардың жанашырлығы. Семей вокзалындағы ерекше оқиға

Аймақтар
19.02.2026, 11:59
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Жол мұраты – жету» дейді халық нақылы. Ал, сапар барысында түрлі жайттар орын алып жатады. Сан түрлі тағдырлар да тоғысады. Жуырда Семей теміржол вокзалында ешкім күтпеген ерекше жайт орын алды.

Облыс орталығынан 270 шақырымдай қашықтықта жатқан Көкпекті аудан орталығынан бір топ мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері мұғалімдерімен бірге пойызға отыру үшін Семейді бетке алады. Мақсат – Астана қаласында робототехникадан өтетін «Alem Tech Fest - 2026» атты Азия чемпионатына қатысу. Әйтседе, қарлы бораннан жол жабылып, жолаушылар айналма жолмен Өскемен қаласы арқылы жүруге мәжбүр болыпты.  

Бұл жол біршама ұзақ әрі қолайсыз ауа райында Семей вокзалына жету оңайға түспейді. Әр минут санаулы. Ондайда жол да жеткізбей қоятыны бар. Амалы таусылған ұстаздар вокзалдың анықтама бөліміне қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіріп, пойыздың күте тұруын өтініп сұрайды. Барлығы 28 адамның билеттері қалтада.  

Жолаушылардың шамамен 10-15 минуттай кешігу қаупі туындапты. Осы сәтте Семей вокзалы бастығының кезекші көмекшісі Зәмзагүл Кәрімова бөлімше кезекшісіне хабарласып көмек көрсету мүмкіндігін кеңеседі. Машинистер тізгінді тежей тұра алады. Бірақ, жауапкершілік вокзал қызметкерлеріне артылады екен.

Осылайша, пойыздың жүру уақытынан 13 минут асқан шақта вокзал басына  сүріне-қабына оқушылар да жетеді. Өздерін күтіп тұрған №37-ші «Семей -Маңғыстау» пойызын көрген балалар жүректері жарылардай қуанса, мұғалімдері көздеріне жас алып үлгереді. Олар мінетін 15-ші вагон алдында Зәмзагүл Кәрімқызы мен вокзал кезекшісі Құндыз Жантеміровалар қол бұлғап күтіп тұр екен.  

Осылайша, шалғай ауылдан әупірімдеп жеткен жолаушылар Семей вокзалы қызметкерлерінің жанашырлығымен пойызға үлгеріпті.

Теміржолда орын алған әрбір жайт есеп берусіз қалмайды. Вокзал қызметкерлері тосын оқиға туралы арнайы хаттама толтырып, жауапкершілікті мойындарына алады. Әйтседе, адамгершілік бәрінен жоғары тұратыны анық.

Ұстаздар мен балалардың ата-аналары семейлік теміржолшыларға жүрекжарды алғыстарын жеткізуде. Түсіністік танытып, жолаушыларға қамқорлық жасаған жандарға шексіз разы.  

Айтпақшы, осылайша робототехникадан Азия чемпионатына жол тартқан оқушылар кіл мықтылар арасында топ жарып, жүлделі орын алып қайтыпты.  

«Бұл жеңісімізді адамгершілік қасиеттері жоғары Семей теміржол вокзалының қызметкерлеріне арнаймыз. Солардың арқасында жарты әлем жиналған білім бәсекесіне қатыса алдық», - дейді жүлдегер балақайлар.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті