Атырау станциясының үздік маманы зейнет демалысына шықты

Аймақтар
25.02.2026, 15:52
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өмір бойы еткен еңбегіңнің өтеуі ретінде зейнет демалысына шығудың өзі бір бақыт. Атырау станциясының ұжымы осынау мерейлі жасқа жеткен қадірлі жанды зейнеткерлікке шығарып салды.

Фаризат Құрмашева Атырау станциясында тасымал құжаттарын өңдеу операторы болып 1985 жылдан бері табан аудармастан еңбек етіп келді. Қырық жылдан астам уақыт ішінде ол өз жұмыс орнында талай құжаттарды өңдеп, еңбектің қиындығымен қатар қызығын да бастан өткерді. Алғашқы жылдары көп жұмыс қолмен жасалды. Ал жаңа технологиялар өндіріске дендеп енген соң, ол заман талабына сай компьютерді меңгерді. Әріптестерінің айтуынша, операторлар ішіндегі ең «ширағы». Кейде бір тәулікте станцияға келіп-кетіп жатқан 10-12 пойыздан 500-ге дейін құжат өңдеген кездері болыпты.  

Фаризат – «Үздік маман», «Адал еңбегі үшін» төсбелгілері мен басқа да марапаттар иесі. Жолдасы Құлмағамбетов Төлепберген де темір жолда машинист болып ұзақ жылдар еңбек етті. Бүгінде қос теміржолшы қыздарын ұзатып, жиендерінің қызығын қызықтап, бақытты ғұмыр кешуде.

Станция бастығы Бекжан Жиенбетов Фаризат Мақсатқызын ұжым алдында зейнетке шығуымен құттықтап, оның өлке темір жолына сіңірген еңбегін жоғары бағалап, Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Ұжымдастары ұзақ жыл үзеңгілес болған әріптестерімен қимай қоштасып, көп жылғы еңбегінің зейнетін көруді, отбасында бақытқа кенеле беруін тіледі. Жүрек бейнесіндегі үлкен гүл десте жасап, әсем әуенмен шығарып салды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды