Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті

Аймақтар
02.03.2026, 17:49
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей магистральдық желі бөлімшесі «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жыл басынан бері елеулі іс-шаралар өткізді.

Мәселен, жуырда бөлімше қызметкерлері Абай өңірлік көлік прокуратурасымен бірлесіп теміржолшылардың құқықтық мәдениетін арттыру жолында Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясын өткізді.  

Аталған акцияның мақсаты – теміржолшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек заңнамасы бұзушылықтарының алдын алу.

Семей филиалы бастығының бірінші орынбасары Ғабит Есқожановтың төрағалығымен өткізілген іс-шара аясында «Қамқор Локомотив» ЖШС, ТД-17 айналым депосының машинистері мен олардың көмекшілері, вагон шаруашылығы және Шар станциясы еңбек ұжымдарының сұрақтарына заңнама аясында жауап беріліп, құқықтық түсіндірмелер жүргізілді. Теміржолшылар қауымы көлік прокурорынан көкейде жүрген өзекті сауалдарына жауап қана емес, мәселелерді шешу жолында бағыт-бағдар, кеңес те ала алды.  

Жалпы, бүгінде Семей теміржолында заң үстемдігін сақтау басты мәселелер қатарында тұр. Бұл ретте қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, еңбек даулары немесе өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша хабарласуға арналған сенім телефоны мен электрондық пошта жұмыс істейді.  

– Жалпы, темір жолдағы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы бұл бірінші кезекте жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін, көлік инфрақұрылымдарының амандығын және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін негізгі қағидат саналады. Сонымен қатар еңбек қатынастарын реттеп, кейбір даулы мәселелердің өзара шешім табуына да септігін тигізеді. Ал осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу желі бойындағы заңның үстемдігін нығайтып, теміржолшылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұлов.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда