Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті

Аймақтар
03.03.2026, 08:28
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жұмыс ауқымы мен жүктемесі жоғары Тараз станциясында қозғалыс күндіз-түні толастамайды. Тараз – Арыс – Шу – Алматы бағытында жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысын реттеп, сұрыптап отыратын станцияда қауіпсіздік мәселесі қашан да өзекті.

Қауіпсіздікке қатысты ортақ талаптар мен нұсқауларды орындауда ескеретін ережелерді түсіндіру, практикалық тұрғыда кеңес беру мақсатында Тараз станциясының бас инженері Ерсін Шардарбеков пен станцияның техникалық кітапханасының бас кітапханашысы Жәнібек Рысбеков станция теміржолшылары арасында «Темір жолдағы қауіпсіз еңбек жағдайлары» атты ақпараттық-тренинг өткізді. Практикалық сабақта теориялық және ақпараттық кеңестер берілді.  

– Әрбір маман өзіне жүктелген міндетті орындауда бірінші кезекте қауіпсіз еңбек талаптарын сақтауы керек. Шойын жолдың бойында өндірістік жағдайда орын алған кез келген келеңсіз жағдайдың салдары ауыр соғуы мүмкін, – деген Ерсін Амангелдіұлы еңбек қауіпсіздігі нұсқауларына тоқталды.  

Ал техникалық кітапхананың бас кітапханашысы Жәнібек Рысбеков әрбір теміржолшыға теориялық, ақпараттық тұрғыда бағыт-бағдар беретін салалық газет-журналдарды таныстырып, жарияланған мақалалар мен сараптамаларға түсінік берді.  

Станцияның маневрлік диспетчері Мақсат Абатов маневрлік жұмыстар кезінде естен шығаруға болмайтын еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы нұсқауларды түсіндірді.  

– «Назар аудар, жолда адам!» атты айлығы жарияланғалы бері техникалық кітапхана қызметкерлері темір жолдың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Қауіп-қатер туралы ескерту, еске салуда медиа кеңістіктің рөлі жоғары. Қазіргі кезеңде ақпарат атаулы әлеуметтік желі арқылы жылдам таралатыны түсінікті. Әйтсе де, газет-журналдарда жарияланған нақты, дәйекті ақпар мен мәліметке сүйенген жөн. Бір ай ішінде жүргізген жұмыстар кезінде біз кітапханаға жазғызып алатын салалық басылымдарды тараттық. Ақпарат бердік. Айлық аясындағы жұмыстарды бүгін міне Тараз станциясында қорытындылап отырмыз, – деді бас кітапханашы Жәнібек Есмұратұлы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды