Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды

Аймақтар
03.03.2026, 08:28
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Болат жолдың бойында күні-түні жүйткіп жүріп жатқан пойыздардың қауіпсіздігін сақтау үшін жол сапасы жоғары, байланыс бекем, электр желісі мықты болуы маңызды.

Әрине көнермейтін нәрсе жоқ, сондықтан құрылғы-құралдарды жаңартып, жөндеп, реттеп отыру қажеттігі де түсінікті жағдай. Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Амангелді Рахмиденовтің мәліметіне сәйкес, өткен жылдан бері тұзды шөгінділерге ұшыраған учаскелерде электрмен жабдықтау нысандарының сенімділігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылыпты. Атап айтсақ, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының 2023- 2027 жылдарға арналған жол картасына сәйкес ВЛ-10 кВ АБ ПЭС әуе желісінің 30 темірбетонды бағаны, 30 дана траверс, 300 дана ШФ-10 оқшаулағышы, ШС-20- ға, 45 шақырымдық ПСО сымдары АС-35 сымдарына ауыстырылған.  

Сондай-ақ әуе электр желісіндегі сигнал беру және блоктаудағы көлденең тіректерді және оқшаулағыштарды ауыстыру жұмыстары да аяқталып, электрмен жабдықтау, сигнал беру және байланыс құрылғылары нормаға сәйкестендірілген.  

Сонымен қатар өндірістік жағдайларды жақсарту және еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыру мақсатында мердігер мекемелермен келісімшарт негізінде 1 ғимарат (ЭЧ-4) ағымдағы жөндеуден, 1 ЭЦ посты (ШЧ-9) күрделі жөндеуден өткізілді. Атырау жол дистанциясының өз күшімен Сағыз станциясында жаңа табельдік ғимарат салынып, Боранқұл станциясында табельдік ғимарат жөнделген. Аққыстау, Ганюшкино, Туманное станцияларында орналасқан табельдік ғимараттарға ауыз су құбыры жүргізіліп, Ганюшкино станциясындағы жылу қазандығының құбырлары ағымдағы жөндеуден өткізілді.  

Сол секілді байланыс саласын модернизациялау бағытында ШЧ-8 Атырау, ШЧ-9 Ақжайық сигнализация және байланыс дистанцияларына қарасты Атырау, Махамбет, Мақат станцияларының Электрлік орталықтандыру кешенінде қызмет ету мерзімі өткен қуат панельдерін ауыстыру жұмыстары, Бейнеу, Исатай станцияларында вокзал ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты вокзал ішінде орналасқан Электрлік орталықтандыру кешенін (Пост ЭЦ) жаңа ғимаратқа көшіру жұмыстары жүргізілген.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды