Айкүннің таңдауы

Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Көктем хабаршысы – әйелдер мерекесі қарсаңында теміржол саласында табанды еңбегімен танылған нәзік жандар туралы айтпау мүмкін емес. Солардың бірі – Айкүн Бердрахманова. Ол 41 жыл бойы бір мекемеде үздіксіз еңбек етіп келеді, 7-разрядты электромонтер.

Айкүн темір жолға 1984 жылы, небәрі 18 жасында келген. Техникумды тәмамдай сала Ақтөбедегі ШЧ-5 мекемесіне 4-разрядты электромонтер болып қабылданады. Содан бері сол ұжымда яғни Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясында қызмет етіп, бүгінде 7-разрядты білікті маман. Жалпы еңбек өтілі – 41 жыл 7 ай.

Оның жұмыс орны – Бестамақ станциясының горловинасы. Мұнда ол бағыттар мен бұрмалардың, бағдаршамдардың, электр желілерінің ақаусыз жұмыс істеуін қадағалайды. Күн сайынғы жұмыс инструктаж-нұсқамадан басталып, жоспарлау жиынымен жалғасады. Технологиялық карта зерделеніп, аға механик тапсырманы нақтылайды. Содан кейін механикпен бірге нысанға шығып, кешке дейін белгіленген жұмыстар атқарылады.  

– Бағыттар қозғалысында мін болмауы керек. Сигнал уақытында қосылуы тиіс. Барлығы техникалық талапқа сай болуы – біздің міндетіміз. Әр саланың өз қиындығы бар. Біздің мамандықта тәртіп пен дәлдік қажет. Электр желілерін бақылау – үлкен сенім. Сондықтан әр бөлшекке мұқият қараймыз, – деді тәжірибелі электромонтер.

Кейіпкеріміздің әр күні ашық аспан астында өтеді. Қар, жаңбыр, аяз немесе аптап ыстық теміржолшылар жұмысына әсер етпейді,  қауіпсіздік пен жауапкершілік бірінші орында.

Айкүнге кеңседе тапжылмай отыратын жұмыс емес, осы қозғалыстың ішінде жүрген ұнайды. Күнұзақ теміржолмен біте қайнасып, өзін алып сала тамырының бір бөлшегі сезінеді. Желідегі байланысты үздіксіз қан айналымын реттейтін күретамырға теңейді.  

«Темір жол – менің өмірімнің бір бөлігі. Өз таңдауыма ешқашан өкінген емеспін. Менің бар өмірім осы жерде өтті», – дейді ол.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті