Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті

Аймақтар
06.03.2026, 09:06
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар алдағы республикалық референдумға орай елдік мүдде жолында үн қосуда. Жуырда бөлімшеде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өңірдегі мүшелерімен кездесу өтті.

«ҚТЖ-ҰК» АҚ Семей филиалының директоры Алмас Сейсемқановтың төрағалығымен өткен басқосу барысында әуелгі кезекте бөлімше кәсіподағының және Семей теміржолындағы «Amanat» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова сөз алып, жаңа Конституция жобасы жайлы баяндама жасады.  

Әрі қарай сөз алған өңірлік коалиция мүшелері жаңартылған Конституция әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтатынын атап өтіп, Заңның негізгі бағыттары, енгізілетін саяси және әлеуметтік-құқықтық өзгерістер жайын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар кездесу барысында жаңа құжаттың басты басымдылығы – адам құқықтары мен бостандықтары екені де атап өтілді.  

Мұнымен қоса қолданыстағы Заңның 33-бабына сәйкес азаматтардың мемлекет ісін басқаруға тікелей қатысуға құқығы бар екені, ал референдум осы құқықты жүзеге асырудың маңызды тетігі екені ерекше атап өтілді.  

Спикерлер өз сөздерінде жаңа Конституцияның басты мақсаты – әлеуметтік әділеттілікті нығайту, заң үстемдігін күшейту және адами капиталды дамыту екенін жеткізе келе, референдум барысында әр азаматтың дауысы ел болашағын айқындайтын маңызды шешімге әсер ететіні, сондықтан белсенді азаматтық ұстаным баршаға ортақ жауапкершілік екені де баса айтылды.  

Теміржол саласының өкілдері өңірлік коалиция мүшелеріне сауалдарын жолдай алды. Жиын соңында сөз алған бөлімше басшысы Алмас Ғылымұлы барша әріптестерін ел өміріндегі аса маңызды шарада белсенділік танытуға шақырды.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті