Теміржолшылар ауылында

Аймақтар
27.03.2026, 08:24
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы барша теміржолшылар қауымы үшін биылғы Наурыз мерекесі думанға толы болды. Шаһар орталығындағы «Теміржолшылар ауылында» бұл күні қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды.

Алаңға шаһар жұртшылығы ерте жиналды. Тойшыл қауым үшін сала қызметкерлері арнайы дастархан жайып, тегін наурыз көже мен бауырсақ таратты.  

Әуелгі кезекте сахна төрінде әжелердің дәстүрлі «аластау» рәсімі өткізіліп, соңынан мерекелік құттықтауларға кезек берілді. Жұртшылық алдына шыққан Құрметті теміржолшы, бірер айда 89 жасқа толатын қадірменді қария Қырықбай Әлсейітұлы бата берді. Сонымен қатар Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқанов та құттықтау лебізін білдірді.  

Осыдан соң мерекелік бағдарламалар жалғастық тауып, нағыз думан басталды. Қаладағы өнерпаздар ұжымы ұлттық нақыштағы ән мен биге кезек берсе, қаз-қатар тізілген киіз үйлерге ағылған көпшілік ет пен қымыз, наурыз көжеден дәм татты. «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Асқар Қажығұлов, Семей ЖТ кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова және кәсіподақ белсенділері Зульфия Еникеева, Серік Дүйсенбай, Шәрбат Мейірманова бастаған топ меймандарды қарсы алып, шығарып салып отырды. Ақ дастарханға ризашылық білдірген көпшілік «Ақ мол болсын!» деп тілектестік білдіріп, алғыстарын жаудырып жатты.  

Теміржолшылар ауылына жергілікті атқарушы билік өкілдері де бас сұғып, қонақ болды. Арнайы құрылған комиссия Семей станциясы, Локомотив ауылы, Семей вагон пайдалану депосы сынды жекелеген киіз үйлердің жабдықталуын жоғары бағалады. Айта кетейік, Семей станциясының теміржолшылар жеке үй тігіп, арнайы этнографиялық фотостудия әзірлепті. Бұл креативті бастаманың авторы станцияның бас инженері Бекзат Кәрімханов бұл жолғы мерекенің әсіресе жастар үшін тағылымдық, тәрбиелік мағынаға ие болуын көздегендерін айтады.  

Алаңның бір шетінде спорттық ойындардан сайыс өткізілді. Арқан тарту, кір тасын көтеру сынды іс-шаралардың жүлдегерлеріне арнайы тағайындалған мерекелік бағалы сыйлықтар тарту етілді. Бұл ойындарда қозғалыс ревизоры Ернұр Тұрсынбеков бастаған РБ-6 аппаратының жігіттері топ жарды. Осылайша биылғы наурыз жылдағы қалыптасқан дәстүрден өзгеше сипатта, ерекше көңіл күймен мейлінше думанды өтті.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды