Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

Аймақтар
27.03.2026, 08:39
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты құрылымдық мекемелер кәсіподақ ұйымының қолдауымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті.

Ақжайық станциясының алдындағы кең алаңға киіз үйлер тігіліп, Жүк тасымалы мен Магистральдық желі бөлімшелерінен бөлек қала басындағы станциялар, жол, электр, байланыс дистанциялары, вагон, локомотив деполары және «Қазтеміртранс» АҚ филиалы да өз алдына үй құрды. Соған сәйкес халық та көп жиналып, биыл сала ардагерлерінің қатысуы да молынан байқалды.  

Халықтық сипат алған шараны қос бөлімше басшылары мен ардагерлер кеңесі төрағалары құттықтау сөзбен ашып, жетістіктерге тоқталып, наурыздан наурызға аман жетуді тіледі. Бір-бірін көптен көрмеген дария кеуде, тау мүсін қариялар мен кимешек киген әже-аналар көрісіп, шұрқырасып жатыр. Орта және жас буын өкілдері сәнді де жарасымды ұлттық киімде. Теміржолшылардың өз күшімен даярланған мерекелік концерт те тыңдармандарға шуақты көңіл-күй сыйлады. «Ел іші – өнер кеніші» демекші әнші де, күйші, биші де теміржолшылардың өздері, өнер жұлдыздарынан бір кем емес. Өнерпаз жастар мерекеге жиналған қонақтардың көңілін көтеріп тастады.  

Әр киіз үйдің ішінде ақ дастархан жайылып, сырнайлатқан-кернейлеткен әншілер мен күйшілер өнер көрсетіп жатты. Ақжарма тілектер легі ағытылып, үлкендер бата берді. Наурыз көже, құрт-май, жент, сүзбе, қымыз бен шұбат, басқа да ұлттық тағамдар қай киіз үйде де мол болды. Ағаштан ойып жасалған және зергерлік ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі де өтті. Далада алтыбақан тебіліп, ұлттық ойындар ойналды. Кір тасын көтеру, арқан тарту, асық ату және ләңгі тебу бойынша жарыс ұйымдастырылып, тойдан тобықтай демекші, сый-сияпатсыз қалған ешкім жоқ.  

 

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді