Жамбылға жеті автокөлік келді

Аймақтар
31.03.2026, 09:23
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалында ерекше қуанышты оқиға орын алды. Күзет қызметінің бес атқыштар командасына жеті бірдей су жаңа Toyota Hilux көлігінің кілті табыс етілді.

Мамандардың айтуынша, жаңа автокөлік темір жолдағы әскерилендірілген күзет қызметін оңтайландыруға мүмкіндік беретіндей қазіргі заманға сай жабдықталған. Жол талғамайды, кез келген жерден іркілмей өте алады. Филиал директоры Еркін Мүсілімовтің айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің, «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Нұржан Әлкеевтің қолдауымен күзет қызметінің техникалар базасы толықтай жаңартылып жатыр. Тараз филиалында бес жылдан бері автокөліктер паркі түгелдей дерлік жаңарды деуге болады.  

– Барлық филиалдың техникалар базасындағы көліктер сарапталып, қай өңірге қанша жаңа көлік қажет екені ескерілгені анық. Бірер жыл бұрын біздің филиалға осындай модельдегі екі көлік бөлініп берілген. Ал бұл жолғы көлік – жаңа заманға, талапқа сай жабдықталған, модификацияланған сұраныстағы түрі. Toyota Hilux көлігінің басқа елдердің көлігіне қарағанда көп артықшылығы бар. Мысалы жылдамдығы, ұтқырлығы, лебедкасы, барлық жарақтандырылуы жағынан біздің қызметке ыңғайлы. Шу мен Түрксіб командасына екі-екіден, қалғанын Сарышаған, Тараз және «Шұғыл әрекет ететін» атқыштар командаларына тапсырдық, – дейді «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының директоры Еркін Түгелбайұлы.  

Техникалық базаны толықтырған су жаңа көлік 2025 жылғы сериясы екен. Еске сала кетсек, «ӘТЖК» ЖШС бойынша барлығы 78 жол талғамайтын Toyota Hilux автокөлігі сатып алынып, өңірлерге таратылып отыр. Бұл күзет қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға, қызмет беделін арттыруға және теміржол саласының қауіпсіздігін одан әрі күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар күзет қызметінің тиімділігі мен жедел әрекет ету мүмкіндігін едәуір арттыруға ықпал ететін болады.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды