Күзет қызметі кепілдік береді

Аймақтар
03.04.2026, 09:05
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігімен қатар тасымалданатын жүктердің бүтіндігі мен сақталуы да – маңызды мәселенің бірі. Әсіресе, ашық вагондардағы бағалы тауарлардың діттеген жеріне қаз-қалпында жетуі – күзет қызметінің басты міндеті.

«ӘТЖК» ЖШС Семей филиалының қызметкерлері осы орайда заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану, тың әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы клиенттер тапсырысының сақталуына кепіл болуда. Мәселен, жуырда бөлімшеге қарасты «Жарма-Аягөз» телімі аралығында ірі көлемдегі қылмыстық істің алды алынып, тасымалдаған мүліктің қолды болуына жол берілмеді. Семей филиалының сарбаздары желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ауқымды операция жүргізді. Соның нәтижесінде жүк вагондарына тиелінген мыс концентраттарын үптеп жатқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұрлық үстінде қолға түсті. Күзет қырандарының асқан қырағылығы мен шебер әрі үйлесімді қимылы нәтижесінде арам пиғылдылар қылмыстық әрекеттерін толыққанды жүзеге асырып үлгермеді. Ұсталған алты күдікті құқық қорғау органдары өкілдеріне тапсырылды.  

Міне, осылайша Самат Райымбеков басқаратын әскерилендірілген күзет қызметкелерінің кәсібилігінің арқасында жүк тасымалындағы ауқымды шығынға жол берілген жоқ. Жалпы, филиал сарбаздары жөнелтілген жүктерді тек тепловоз терезесінен ғана бақылап қоймайды, арнайы жол талғамайтын көлікпен де бірге ілесіп жүреді. Сол тәрізді квадракоптер арқылы әуеден де бақылау жүргізіледі. Ал, секем алдырар жағдай туындай қалса, бірден арнайы операция жүзеге асырылады. Ал, жоғарыдағы ұсталғандардың айыбы мойындарына қойылып олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот процесі жүріп жатыр. Қазіргі таңда филиалдың «Өңіраралық шұғыл әрекет ету оңтайлы тобының» жеке құрамы жоспарлы жұмыстарды мейлінше күшейтуде. Семей теміржолының 1394 шақырымдық телімі сенімді қолда деуге толық негіз бар.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды