Ақтөбеге омбудсмен келді

Аймақтар
10.04.2026, 09:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік омбудсмені Қанат Әлмағамбетов жуырда Ақтөбе өңіріне сапары барысында теміржолшылардың жұмыс орындары жағдайымен, технологиялық процестердің, еңбек қорғау талаптарының сақталуы мен еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік ахуалмен танысты.

Қандыағаш торабында Қанат Әлмағамбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе филиалы және Магистральдық желі бөлімшесі басшыларымен бірге, тікелей өндірістік алаңдарда кездесулер өткізді. Сұрыптау станциясының жұмысына, биылғы 1 сәуірден бастап «Е-жеделхаттар» бағдарламасы арқылы өтініш-шағымдар берудің электрондық жүйесіне көшу дайындығына ерекше назар аударылды. Жалпы өндірістік нысандар қанағаттанарлық жағдайда екендігі атап өтілді. Қандыағаш станциясының вокзалын жөндеу жұмыстары биыл маусым айында аяқталады деп жоспарлануда. Қызметкерлер арнайы киіммен толық қамтамасыз етілген. Станция мен вокзал қызметкерлерінің уақытша тығыздығы тіркеліп, ол реконструкция жұмыстары аяқталғаннан кейін жойылады деп күтілуде. Ақтөбе торабында теміржол кәсіпорындарының жұмыстарына жүргізілген бірлескен тексеруде айтарлықтай кем-кетік, ескертулер анықтамады.  

Жалпы, өңір бойынша тұрақты жұмыс жағдайы байқалады. Су тасқынына қарсы пойыздар тастүйін дайын, алдын ала болжамдарға орай қауіпті су тасқыны күтілмейді. «Е-телеграмм» жүйесін енгізу бөлігінде қосымша пысықтауды талап ететін бірқатар мәселелер, оның ішінде стандартты емес апаттық жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл регламенттерінің болмауы, сондай-ақ компьютерлік техника мен шығыс материалдарының жетіспеушілігі көрсетілген.  

РЦУП-1 мекемесінде штаттың толық жинақталғаны, жұмыс технологиясының жолға қойылғаны және компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимыл атап өтілді. Ал проблемалық мәселелер қатарында кей жерлерде теміржол жағдайының нашарлауына байланысты жылдамдықты 25 км/ сағатқа дейін немесе одан да төмендетіп, ескертулер санының көбеюіне байланысты кейбір проблемалық мәселелер анықталды. Сонымен қатар тасымалдау процесіне пойыздарды құрастыру жоспарының жиі өзгеруі қосымша жүктеме беретіні, ал кенеттен шұғыл технологиялық «толаскездердің» берілуі пойыздар қозғалысы ырғағына теріс әсер ететіні айтылды. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылардың вагондарымен қосымша операциялар көлемінің өсуі байқалды.  

Сапар қорытындысы бойынша техникалық кеңсе, сұрыптау дөңесі, Қандыағаш станциясы, жол шаруашылығы, локомотив бригадалары және РЦУП-1 қызметкерлерінен келіп түскен ұсыныстар жинақталып, қажетті шараларды қабылдау үшін тиісті басшыларға жіберілетін болды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады