Атыраудағы техникалық тексеру Құлсарыдан басталды

Аймақтар
14.04.2026, 08:52
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінде 7 сәуірден көктемгі комиссиялық тексеру жұмыста ры жүре бастады. Бұған дейін құрылымдық мекемелердің өз ішінде көктемгі байқауға дайындық жасалған.

Пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың жай-күйі, абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі қаралған. Көктемгі байқау барысында әдеттегідей қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың, ғимараттардың жай-күйі, байланыс, электр құралдарының жағдайы, вагондардың жайы, темір жолдың қазіргі күйі, сондай-ақ теміржолшылардың білім мен біліктілігі, жеке мәселелері, проблемалары да қаралады.  

«Комиссия мамандарымен қамтылған тексеріс арнайы локомотив арқылы жүзеге асырылады. Ең әуелі Құлсары – Мақат телімі бойынша басталып, комиссияның бір тобы Бейнеу станциясына барады. Содан кейін Мақат – Сағыз, Мақат – Атырау, Атырау – Ганюшкино, Ганюшкино – Д.Нұрпейісова, Ганюшкино – Исатай – Атырау телімдері, сондай-ақ Махамбет, Атырау, Ақжайық, Теңдік станциялары, телімдердегі жол, сигнализация, энергиямен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, т.б. қаралады. Осы жерлерде талқылау жұмыстары да жүргізіледі. Станциялар былтырғы жылы НЖС-қа берілгендіктен байқау барысында бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр», – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Аманқос Жылқышиев.  

Көктемгі байқау арнайы комиссиямен осы айдың 22-не дейін белгіленіп отыр, ал айдың аяғында жалпы қорытынды жиналыс өтпек.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды