Жамбылда теміржолшы-энергетиктерге арналған демалыс аллеясы ашылды

Аймақтар
17.04.2026, 08:52
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

ЭЧ-21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясында жұмысшыларға арналған демалыс аллеясы ашылды. Қазақстан энергетиктер қауымдастығының Құрметті энергетигі атанған теміржолшы Ералы Төлегеновтің есімі берілген аллеяның ашылу салтанатына халық көп жиналды.

Жамбыл жүк тасымалы және Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директорлары Айдын Сеитбенбетов пен Мейрамбек Кенжебаев, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев, тағы басқа салалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысқан шарада ардагер теміржолшы Ералы Төребекұлының жұбайы Әлия Төлегенова аллеяның лентасын қиып, игі іске бастамашы болған ұжымға алғыстарын жеткізді. Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар аулаға жайылған ақ дастарханнан дәм ауыз тиіп, теміржолшылар аллеясы жасыл желекті қаланың көркіне сән беретін аймаққа айналатынына сенім білдірді.  

Аллея аумағы шағын төрт учаскеге бөлініп, 16 түп сәндік ағаш егіліп, газон төселген. Ортасында субұрқақ демалыс орнына көрік беріп тұр. Күні ертең тал-дарақ жайқалып өскенде бір сәтке аялдап, тыныстайтын саялы мекенге айналып шыға келері анық.  

– Аллеяға Қазақстан энергетиктер қауымдастығының Құрметті энергетигі Ералы Төлегеновтің есімін беріп, ескерткіш тақта орнаттық. Өткен жылы өмірден озған Ералы Төребекұлы осы дистанциядағы еңбек жолын қарапайым монтер болып бастап, аға механик, бас инженер болып, бір жерде табан аудармай 34 жыл еңбек еткен білікті маман. Теміржол саласына сіңірген еңбегі – жас буынға үлгі.  

Басты мақсат – жұмысшыларымызға қолайлы еңбек жағдайын жасай отырып, саладағы жұмыс жүйесін қалыптастыруға, дистанцияның дамуына үлес қосқан аға буынның есімін дәріптеу, – дейді Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Қайрат Сейдулда.  

Дистанция ғимаратына Электрлендіру және энергетика департаменті басшылығының қолдауымен 2024 жылы күрделі жөндеу жүргізіліп, ауласына асфальт төселіп, айналасы абаттандырылғанын айта кету керек. Енді міне игілік жалғасын тауып, демалыс аллеясы ашылып отыр.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда