Межелі жұмыстар атқарылуда

Аймақтар
17.04.2026, 09:15
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі басшылық қойған міндеттерді жүзеге асыру және бекітілген жоспарларды орындау мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқаруда.

Биылғы алғашқы тоқсанда айлық көрсеткіштер бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталып, апатты жағдай, пойыздардың аударылуы, өндірістік жарақат, басқа да келеңсіз оқиғалар тіркелмеген.  

– Бөлімше бойынша биылғы межеленген жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылып келеді. 2026 жылы 30 шақырым, дәлірек айтқанда 29,732 км жолды күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні оның жартысына жуығы орындалды деуге болады. Сондай-ақ вокзал шаруашылығы бойынша 9 вокзал ғимаратында қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Сағыз, Мақат, Доссор, Аққыстау, Исатай және Ганюшкино вокзалдарындағы жұмыстар аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Қалған нысандар екінші жартыжылдықта пайдалануға беріледі, – дейді бөлімше директорының бірінші орынбасары Аманқос Жылқышиев.  

Сонымен қатар бөлімше бойынша инфрақұрылымды жақсарту, байланыс саласын модернизациялау бағытында ШЧ-8 Атырау, ШЧ-9 Ақжайық белгі беру және байланыс дистанцияларында станциялардың электрлік орталықтандыру кешенінде қызмет ету мерзімі өткен қуат панельдерін ауыстыру, станцияларда вокзал ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты вокзал ішінде орналасқан электрлік орталықтандыру кешенін жаңа ғимаратқа көшіру жұмыстары жүргізілген.  

Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, тұзды шөгінділерге ұшыраған учаскелерде электрмен жабдықтау нысандарының сенімділігін арттыру мақсатында ВЛ-10 кВ АБ ПЭС әуе желісінің темірбетонды бағандары, ШФ-10-нан ШС-20 изоляторларына, ПСО сымдары АС-35 сымдарына ауыстырылған.  

Бұған қоса биылғы жоспарға сәйкес алдағы уақытта 30 шақырым жолды күрделі, 9,2 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу, 20 дана бұрмаларды ауыстыру, 74,6 шақырым жол бойында малдың шығуына қарсы қоршау тұрғызу, Атырау қаласында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірін жергілікті атқарушы органға тапсыру, т.б. жұмыстар көзделіп отыр.  

Ал Мақат станциясында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірін жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне тапсыру мақсатында барлық керекті құжаттар толығымен дайындалып, тиісті департаменттерге жіберілген.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды