Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі

Аймақтар
21.04.2026, 08:45
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Сапалы жол пойыздар қозғалыс қауіпсіздігінің кепілі екені анық. Соған орай аймақта жол шаруашылығы бойынша жолды күрделі жөндеу, күшейтілген орташа жол жөндеу, темірбетонды бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру, пайдаға асатын бұрмаларды қайта ауыстыру, түйіспесіз рельсті және Р-50 типі- нен Р-65 типіне ескі рельстерді ауыстыру, бағыттамалардың желінуін азайту мақсатында бұрмаға протекторлар орнату, т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр.

– Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша қолданыстағы жолдың жай-күйін бақылау мақсатында басшылық тарапынан бақылау күшейтіліп, кемшіліктерді түзету бағытында жол, байланыс, электрмен қамту саласы мамандарымен бірлескен тексерулер жүргізілуде. Қазіргі уақытта рельстің, бұрмалардың және жолдардың жағдайы үнемі назарда. Жоғарыда аталған жұмыстармен қатар қанағаттанғысыз жолдарды ай сайын кем дегенде 10 пайызға кеміту мақсатында КБ, ЖБР техникаларымен рельс асты төсемдер мен жарамсыз бекітпелерді ауыстыру, көпірлерге жақын жолдардың рельсі мен шпалдарын жаңарту, РМ машинасымен балласт астын тазарту, ДМ, ДГС, ПБР техникаларымен жолды түзету, ПРБ машинасымен рихтовка жасау, т.б. көптеген жұмыстар жүріп жатыр, – дейді бөлімше бастығының бірінші орынбасары Аманқос Жылқыбаев.  

Оның айтуынша, қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін оңтайландыру бағытында материалдық базаны жақсарту бойынша шешімін күткен мәселелер де бар. Мәселен, 2011 жылдан бері жолдың күрделі жөндеу жұмыстары барысында шпалдар Фоссло типті бекітпелермен орнатылып келеді. Аталған бекітпе элементтерінің ескіруіне орай қазіргі уақытта Фоссло материалының рельсасты аралық төсемдеріне үлкен қажеттілік туындап отыр. Соңғы жылдары мекемеде алынған кіші механизациялар, яғни порталды көтергіш кран, жол домкраты, рихтовщик, АБ-2 электростанциясы, ЭШП ұлтандау, рельсжонғыш, рельскескіш, рельстескіш станоктар, шурупогайковерт, гидравликалық кергіш, бір рельсті арба, т.б. құрал-саймандардың мерзімінен бұрын істен шығуы орын алуда.  

Жол, байланыс, электрмен қамту дистанцияларының автопаркін жаңарту, арнайы мамандандырылған автомобильдер, жолаушы таситын, апатты жағдайларда қиын учаскелерге бара алатын жол талғамайтын арнайы көліктер де қажет.  

Сонымен қатар Атырау облысы полициясының ескертулеріне сәйкес теміржол өткелдерін жарыққа шағылысатын арнайы пластикалық құрылғылармен қамтамасыз ету де кешеуілдетуге болмайтын жұмыстың бірі.  

«Сапаға қол жеткізу үшін бірінші кезекте осы қажеттіліктерді түгендейміз», – дейді бөлімше басшылығы.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды