Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті

Аймақтар
30.04.2026, 10:36
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау электрмен қамту дистанциясында 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Жоспарлы-ескерту жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар-кеңес өтті.  

Дистанцияға қарасты Атырау, Сағыз, Боранқұл, Ганюшкино, Аққыстау, Құлсары, Мақат аудандық электр тораптары мен энергодиспетчерлік аппарат мамандары, барлығы 30-ға жуық адам қатысқан семинардың мақсаты өндіріс барысында қауіпсіздікті сақтау, қуат көзін тарату жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу, тәжірибе алмасу болды. Әлбетте, электрмен қамту саласы – темір жолдың ажырамас бір бөлігі. Әсіресе бағдаршамдар мен бағыттамалы бұрмалар жұмысы, ғимараттардағы бүкіл автоматтандыру қызметтері электр қуатына тәуелді. Ал электр қуатының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз ететін – электромеханиктер. Сондықтан олардың біліктіліктеріне көп нәрсе байланысты.

Жиынды ашқан дистанцияның бас инженері Абай Есқалиев соңғы жылдары еңбек қорғау және өндірістік травматизм бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіліп келе жатқанын айтты. Яғни заң нормаларын бұзу, еңбек қауіпсіздігін сақтамау, тоққа түсіп қалу, т.б. келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Дистанция жеке сектордағы абоненттерден біртіндеп арылып, енді басым бағытта тек теміржол нысандарына қызмет көрсетуде. Бұл дистанция үшін тиімді, өйткені бұрынғыдай қосымша шығын жоқ. Өз қуатын өз нысандарына ғана жұмсайды. Бүгінде аудандық тораптарда резервтік фидерлер көбейтіліп жатыр. Ол ешкімге тәуелсіз, дербес жұмыс жасауға қолайлы. Оның айтуынша 2028 жылға қарай барлық электр бағандары мен желілерге күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.  

Семинар барысында «Трансформаторларды, қуат бағандарын кешенді тексеру және жөндеу», «Қосалқы трансформаторлардың жағдайын тексеру», «Электр қондырғылары жұмысындағы қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етуді ұйымдастыру және техникалық шаралары», «1000 вольтқа дейінгі және одан жоғары электрқондырғыларына қатысты жеке қорғаныш құралдары мен олардың қолдану мерзімдері», «Трансоформаторға жалғанған үш фазды электр септегіштерді монтаждау»,  т.б. тақырыптарда баяндамалар тыңдалып, түстен кейін сол баяндамалар негізінде практикалық сабақтар өтті. Дистанцияның еңбек қорғау инженері Гүлжайна Жақсымбетованың айтуынша, еңбек қорғау тақырыбына арналған мұндай семинарлар мен техникалық сабақтар дистанцияда орталықтандырылған тәртіппен және аудандық тораптардың өздерінде де жиі өтіп тұрады. Соның да әсері шығар, соңғы 10 жылда дистанцияда ешқандай жазатайым оқиғалар болмаған.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады