Көктемгі байқау – жазға дайындық

Аймақтар
01.05.2026, 12:21
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыста күн жылынып, жер құрғады. Семей ЖТ филиалының басшы-қосшысынан құрылған комиссия көктемгі тексерумен теміржол бойын аралауда. Жұмыс тобы аптада Ақтоғай – Аягөз, Аягөз – Шар телімін толық сүзгіден өткізіп, өткен апта Жарма – Шар – Суықбұлақты аралады.

Айта кетерлігі, Семей филиалы бойынша көктемгі комиссиялық тексеру өткен аптада Дегелең станциясынан басталған болатын. Жаңа-Семей станциясына дейінгі аралық толық тексеруден өткізіліп, тыңғылықты жұмыс жүргізілді. Ал ендігі кезек оңтүстік тармаққа ауысты. Жүзағаш жол айрығынан басталған жұмыстар тораптық Аягөз станциясына дейін жалғасып, желі бойындағы ШЧ-30, ПЧ-42, ТЧЭ-24 мекемелерінің қызметі қатаң сынға түсті. Комиссия өкілдері Семей магистральдық желі бөлімшесінің Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясындағы жұмыс қарқынын атап өтті. Бір ғана мысал – осы дистанцияға қарасты Алтынқолат станциясындағы ЭЦ посты теміржолшылардың өз күшімен жабдықталған модульдік типтегі жаңа ғимаратқа көшіріліпті.  

Жалпы, теміржолшылар үшін әсіресе байланысшылар мен жолшыларға арнап жаңадан модульді ғимарат орнату біраз жыл бұрын басталған болатын. Бүгінде байтақ желі бойында жүйелі түрде жалғасып жатыр. Осыған дейін Аягөз, Дегелең, Шаған, Белағаш сынды іргелі жүк станцияларында ғана іске асырылса, енді шағын жол айрықтарына да көптеп назар аударылуда. Пойыз ағыны мол Алтынқолат станциясында еңбек ететін теміржолшылар үшін қолайлылық туды.  

Мұнымен қатар Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов пен бөлімшенің жол бөлімі мамандары жазғы жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақтарды нақтылау үстінде.  

Сонымен қатар Жаңа-Семей жол дистанциясына қарасты барлық имараттар мен нысандар да тексерілу үстінде. ПЧ-40 мекемесі бүгінде ел көлемінде өткізіліп жатқан «Ең үздік ерлер ұжымы» байқауына қатысып жатыр. Жолшыларға жайлы жағдай жасау мен нысандарды қайта жаңғырту ісінде ауқымды жоспар бар.  

Ал Семей телімінің аймақтық бас ревизоры Темірбек Акчалов бастаған топ нормативтік-техникалық құжаттар рәсімдеу, жылжымалы құрамдар мен құрылғыларға күтім көрсету нормаларын сақтау бойынша жұмыстарға басымдық беруде. Себеп сол, қазіргі таңда бөлімше бойынша «Абайлаңыз, жолда адам!» айлығы өтіп жатқандықтан қадағалау шараларына айрықша назар аударылуда. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда бөлімше көлемінде бұл іс-шара кезек күттірмес маңызды тақырып болып тұр. Жарма – Шар, Шар – Суықбұлақ телімінде қозғалыс қауіпсіздігі мамандары профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Анықталған тағы бір күрмеулі мәселе желі бойындағы станциялардың Магистральдық желі бөлімшесіне қосылуы болып отыр. Осыған орай, құжаттандыру мен жұмыс жүргізуді қайта қарастыру қажет.

– Өткен дүйсенбіден бастап көктемгі комиссиялық бақылау жұмыстары шығыс өңірге ойысты. Келесі апта «солтүстік тармақ» кезек күтіп тұр. Бұл жұмыстар мамыр айының 10-на дейін жалғаспақ. Осы орайда мамырдың 4-і күні Өскемен станциясындағы ТЧЭ-22 мекемесінде, ал, 14-і күні Шар станциясындағы ТД-17 айналым депосында тораптық кеңестер өтетін болады. Анықталған нақты нәтиже төңірегінде ортақ шешім қабылданады, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімі басшысы Данияр Баймағұлов.  

Қалай десек те, көктемгі байқау жазғы жұмыстар үшін бағыт-бағдар екені анық.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті