Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үздік жобаларын таныстырды

Аймақтар
19.05.2026, 09:02
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалында «Қозғалыс қауіпсіздігінің мәдениеті – Үздік тәжірибелер» атты екі күндік байқау-семинар ұйымдастырылды. Онда құрылымдық бөлімшелердің тың жобалары талқыланып, маңызды мәселелер көтерілді.

Іс-шараның алғашқы күнінде қатысушылар үшін оқу-тренингі ұйымдастырылып, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарманың сарапшысы Мақпал Ержанова «Мақсатқа жетудің 5 қадамы – SMART» тақырыбында топтық жұмыс жүргізді. Сондай-ақ конкурсқа қатысушы 4 команда үй тапсырмасы бойынша өз тораптарындағы қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған «Үздік тәжірибелерін» таныстырды. Атап айтсақ, Тараз торабының «Экспресс-Тараз» командасы – «Вакумдық ажыратқыш 27,5 кВ ЖИ-ВВ-27,5(35)-2», Шудың «Сапсан» тобы – «Шу станциясындағы «Г» паркін дамыту», сарышағандық «Ақ жол» – «Сарышаған станциясындағы жұп паркін қалпына келтіру», «Түрксіб тарландары» – «РС 830 микропроцессорлық релелік қорғаныс және автоматика құрылысы» жобаларын қорғап шықты.  

Жалпы семинар-байқауда ұсынылған тапсырмалар мен тақырыптар өзара тәжірибе алмасып, өндірісте кездесетін түйткілді мәселелерді талқылауға көп мүмкіндік берді. Айталық, «Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениеті – біздің іргетасымыз» бағытындағы «Анализді дұрыс құрастыру» кейстерін талдау талабы – темір жол бойындағы қозғалыс кезінде орын алған жайттарды сараптайтын ашық пікір алаңы іспетті болды.  

– Қауіпсіздік талаптарын сақтау деген – тек қана ережелерді жаттап, нұсқауларды орындау емес. Теміржол саласындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – әрбір қызметкердің күнделікті әдетіне, өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Біз әр маманға теориялық тұрғыда білімін жетілдіріп, тәжірибе жүзінде өзін сынап көруге мүмкіндік беруді мақсат тұттық. Сондықтан пойыздар қозғалысы барысында кездесетін проблемаларды тақырып ретінде таңдап, талдауға ұсындық, – дейді «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Асқар Жексембиев.  

Байқау жеңімпаздарын анықтау сәтінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов бұл конкурс – жай ғана жарыс емес, бұл ортақ мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздейтін нағыз кәсіби алаңға айналғанын атап өтті. Комиссия құрамында болған «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Инфрақұрылымдық қауіпсіздік департаменті өкілдеріне үздік команданы анықтау оңайға түскен жоқ.  

Тараз, Шу, Түрксіб және Сарышаған тораптарынан құралған 4 команда да бір-біріне дес бермеді. Алайда ұпай саны бойынша алға шыққан Сарышаған торабының «Ақ жол» командасы үздік деп танылды.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды