Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды

Аймақтар
22.05.2026, 09:22
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалында теміржол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар қызу қарқынмен жүріп жатыр. Бірнеше бағытты қамтитын кешенді шаралардың бірқатары жыл басында жоспарланып, биылғы көктемгі комиссиялық бақылау барысында айқын түрде нақтыланды.

Солардың арасында бірінші кезекте желі бойындағы инфрақұрылымдардың күрделі климаттық жағдайларға төзімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру жұмыстары басталды.  

– Жалпы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтитын біздің өңір қысқы мезгілде қар үйінділерінің жоғары деңгейімен сипатталады. Бөлімше жолдарының шамамен 41%-ы қар басу қаупіне ұшырайды. Бұл дегеніміз телім бойының 467,7 шақырымнан астамы деген сөз. Яғни қатаң маусымдағы пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен теміржолшылардың амандығы және еңбек өнімділігін арттыру бойынша іс-шаралар легі жүзеге асырылып жатыр. Қысқа әзірлік қазірден басталды, – дейді бұл орайда НЖС-6 бөлімшесінің техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділов.  

Жалпы, аталмыш бағыттағы жұмыстар сонау 2010 жылдары басталса да, тек биылғы жылы айрықша назарға алынып отыр. Мәселен, байтақ желі бойының ең күрделі пайдалану учаскесі Жарма – №15 жол айрығы аралығында тіркелген екен. Мұнда қыс мезгілінде қар жамылғысының биіктігі 3-5 метрге дейін жетіп, желдің жылдамдығы 40 м/с дейін барады. Яғни желі бойында қар тоқтату нысандарын салудың маңыздылығы артуда. Семейлік теміржолшылар жаңа жоба аясында жалпы ұзындығы 1 000 қума метрді құрайтын бес ойықты кеңейтуді жоспарлаған екен. Осы бағыттағы даярлық жұмыстары биылғы сәуір айының соңына қарай басталып кеткен. Ал 28 сәуірде 885 км пк 4-10 учаскесінде бұрғылау-жару жұмыстарының бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылды. Қазіргі таңда жоспарлы жұмыстар бөлімше басшылығының қатаң қадағалауымен жалғасып жатыр.  

Осынау жобаны іске асыру алдағы кезеңдерде жалғаса беретін болады. Кешенді жұмыстар аяқталғаннан кейін қар басу деңгейін төмендету, желі бойындағы инфрақұрылымның сапасын арттыру және қысқы кезеңде пойыздар қозғалысын қамтамасыз етудің тиімділігі артатын болады.  

Сонымен қатар желі бойындағы жазғы жұмыстар аясында дәл осы Жарма мен Жаңғызтөбе және Шар станциялары аралықтарында желі бойын қараусыз малдан қорғайтын қоршаулар салу ісі қатар жүргізілмек. НЖС-6 бөлімшесіне қарасты ПЧ-42 мен ПЧ-40 жол дистанциялары бұл шараларды да бастап кетті. Биылғы жылға дейінгі бес жыл ішінде жалпы көлемі 229 шақырым ұзындықтағы жолға иесіз жайылған малдың кіруіне жол бермеу үшін арнайы қоршаулар салынған. Ал осы жылға жолдың қос қапталын қоса алғанда жалпы көлемі 37 шақырым болатын мал қоршауын тұрғызу және 410 км қолданыстағы қоршауды күрделі жөндеуден өткізу жолға қойылып отыр.  

– «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалында теміржол инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыс қарастырылған. Сол себепті бірқатар жоспарлы шараларды ерте бастан қолға алдық. Биылғы жаз қарбаласқа толы болайын деп тұр. Желі бойындағы ауқымды іс-шаралардан бөлек шығыстағы жүк тасымалында жүктемесі аса ауыр тораптық Жаңа-Семей станциясында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, соның аясында жаңа станциялық парк салынбақ, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімі мамандары.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті