Шекарамаңы ынтымақтастығы нығаюда

Аймақтар
26.05.2026, 09:23
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Қазақстан және Қырғызстан Республикасы теміржолшылары кәсіподақтарының шекарамаңы ынтымақтастығы» тақырыбында семинар өтті.

Теміржолшылар кәсіподағының республика көлемінде қолға алған бастамалары мен қол жеткізген жетістіктері Жамбыл филиалының жұмыс тәжірибесі арқылы жанжақты көрініс тапты.  

Семинардың ашылуында «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев ауқымды іс-шараның мәні мен маңызына тоқталды. Кәсіподақтардың әріптестік байланысын нығайту, өзара тәжірибе алмасуды көздеген екі күндік іс-шараға Жамбыл бөлімшесіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен Қырғыз елінен келген бір топ делегация қатысты.  

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасының кеңесшісі Жұпарбек Сәбитов, «Қырғызпрофсож» төрағасының орынбасары Нургазы Нусубалиев теміржолшылар кәсіподақтарының шекарамаңы ынтымақтастығы туралы сөз қозғап, мұндай семинар алғаш рет өткізіліп отырса да, екі ел арасындағы бауырластық, әріптестік байланыстардың тамыры тереңде жатқанын атап өтті.  

Жұпарбек Абзалбекұлы 120 жылдық тарихы бар теміржолшылар кәсіподағының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңдардың шеңберінде жұмыс берушілер мен жұмысшы арасындағы құқықтық-әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға қалай қол жеткізгенін нақты мысалдармен түсіндірді. Ал Нургазы Эсенбекулы «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» темір жолы құрылысының ішкі жол учаскелерін дамытуға ықпал етіп отырғанын атап өтіп, биыл Кочкор станциясы пайдалануға берілетінін, бұл кәсіподақ ұйымының жауапкершілігін арттыра түсетінін жеткізді.  

– Қазақстан және Қырғызстан Республикасы теміржолшылары кәсіподақтарының арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін екі елдің салалық кәсіподақтарының төрағалары жыл басында Меркі жерінде кездесті. Онда Шекара маңындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ал бүгінгі ауқымды іс-шара – осы екіжақты келісімнің, достық, іскерлік қарым-қатынастың айшықты жалғасы. Біз осы семинарды ұйым- дастыру арқылы құрмет, теңдік, тату көршілікті, екі елдің кәсіподақтарының шекаралас аймақтардағы ынтымақтастығын арттыруды көздеп отырмыз, – дейді «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев.  

Екі күнге созылған семинардың бағдарламасы маңызды тақырыптарды қамтыды. Екі тарап өздерінің кәсіподақ ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру және үйлестірудегі тәжірибелерімен бөлісті. «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалы төрағасының орынбасары Еркін Утешов филиал құрылымына, Қазақстан Республикасының кәсіподақтары туралы заң актілеріне тоқталып, кәсіподақ ұйымының жұмыс берушілермен жасасқан «Ұжымдық шарт» шеңберінде қандай мүмкіндіктерге қол жеткізілгенін айтып берді. Мемлекет кәсіп одақтарды қалай қорғайтынын қозғады. «Қырғызпрофсождың» бас әдіскері Мира Керимбаева қазіргі таңда 39 бастауыш ұйымды қайта құрылымдау арқылы саннан сапаға көшу жоспарланып отырғанын атап өтті.  

Көрші қырғыз елінде теміржолшылар кәсіподақтарының қаржылық қызметінде бірқатар айырмашылықтар бар екен. «Қырғызпрофсож» бас бухгалтері Маргарита Наумова кәсіподақтар федерациясынан берілетін пайыздық үстеме 2020 жылдан бері тоқтап қалғанын, қаржыландыру мүшелік жарна арқылы ғана жүретінін айтты.  

Семинардың екінші күніндегі бағдарлама ашық диалог форматында өрбіп, екі тараптың қатысушылары кәсіподақтарға ортақ мәселелерді талқылады. Ынтымақтастықты арттыру жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті. Қырғыз елінен келген қонақтар осындай маңызды әрі ауқымды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын жеткізді.

 

Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады