Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады

Аймақтар
16.06.2026, 09:01
Сурет: Ақорда
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

1 шілдеден бастап Қазақстан жаңа конституциялық кезеңге қадам баспақ. Бұған дейінгі Қазақстан Республикасының Конституциясы өз күшін жойып, оның орнына түбегейлі жаңартылған Ата Заң қолданысқа енгізіледі.

Соған орай жуырда Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев бөлімшеге қарасты мекеме басшыларының қатысуымен маңызды жиын өткізді. Жиын барысында Ата Заңның қоғамдағы орны мен маңызы кеңінен талқыланып, заң үстемдігін сақтау мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды.  

– Жаңартылған Ата Заң мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып қана қоймай, билік тармақтарының арақатынасын жаңа деңгейде айқындауды көздейді. Сарапшылар жаңа Конституцияны тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды саяси реформалардың бірі деп бағалап отыр. Құжатта билік институттары ғана емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалар да қайта қаралған. Жаңа Конституцияға сәйкес елдегі дәстүрлі қос палаталы Парламент жүйесі жойылады. Оның орнына бір палаталы жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай құрылады. Екіншіден, Жаңа жүйеде алғаш рет вице-президент лауазымы пайда болады. Бұл қызмет бұрынғы мемлекеттік кеңесші институтының орнын басады. Үшіншіден, Конституциялық мәртебеге ие жаңа орган – Қазақстан Халық кеңесі құрылады. Бұл орган азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы диалогты күшейтуге бағытталған консультативтік алаң ретінде бағалануда, – деген бөлімше басшысы Ата Заңға енгізілген барлық жаңашылдықтар туралы әңгімелеп, жиын барысында оның негізгі аспектілері талқыланып, маңызы түсіндірілді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты