Теміржолдағы 40 жылдық еңбек

Аймақтар
18.06.2026, 09:47
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жол жөндеуші – темір жолдағы ауыр жұмыстың бірі.  Қытымыр қыста да, ми қайнатқан аптап ыстықта да ашық далада, қар мен жауын астында жүретін жолшылар еңбегінің адалдығында шек жоқ.

Атырау жол дистанциясында табан аудармастан аттай қырық жыл еңбек еткен Нұрберген Ибрашев Өтебайұлы осы жолдан өткен маман. Бір адамның ғұмыры дерлік еңбек жолында ол талай қиыншылықтарды бастан кешірді. Қазіргідей техника мен технология дамымаған, көп жұмыс қолмен жасалған кезде де мойымады, адал еңбектеніп, бала-шағасын өсірді. Әу баста Гурьев жол дистанциясында жол монтері болып жұмысын бастаған ол рельс жағалап, шойын жолдың рельстері мен шпалдарын бекітіп, бұрандаларын қатайтып жүріп тәжірибе жинады. Жылдар өте 4-ші дәрежелі жол монтері болды, одан жол бригадиріне жоғарылады. Қандай телімді тапсырса да, соның әр қадамын қадағалап, рельстің аралық өлшемі, орнатылуы, бекітілуі, нығыздығы деген секілді талаптарына үлкен жауапкершілікпен қарайтын кәсіби маманды әріптестері де шын сыйлап, құрмет тұтты.    

– Өмір – өзен, зулап жатқан уақыт қой. Міне, сонша жылды артқа тастап, зейнет жасына да жетіп қалыппыз. Өткен еңбек жылдарыма алғыстан басқа айтарым жоқ. Темір жол мен үшін қайнаған еңбек майданы болды, сол еңбектен ләззат алып, өсіп-өндік, есейдік, қартайдық. Енді зейнетін көрер шақ келді. Туған дистанциям менің екінші отбасымдай болды, осындағы өткен жылдарым мақтаныш мен үшін, – деп ағынан жарылды Нұрберген Өтебайұлы.

Нұрберген қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысқан жан, әсіресе спортқа жаны құмар. Футбол, баскетбол, волейболдан жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды да иеленіп жүрді. Жары Райхан екеуі әдемі отбасын құрып, ұл да, қыз да өсірді.  Ұлдары Нұрбек әке жолын қуып теміржолшы мамандығын қалады. Бүгінде ол рзд.402-де кезекші.  

Нұрберген Ибрашевті Атырау магистральдық желі бөлімшесі директоры Аралбай Қосымбаев құттықтап, қазақы жолмен жары Райхан екеуіне шапан жауып, ақ жол тілеп, шығарып салды.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда