Ақтөбеде локомотив паркі жаңаруда

Аймақтар
19.06.2026, 09:13
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе локомотив пайдалану депосы – өңірдегі ең ірі өндірістік кәсіпорынның бірі. Мұнда 700-ге жуық адам еңбек етеді. Жаңа локомотивтер машинистер жұмысын жеңілдеткен. Нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігі ғана емес, өндірістік қуат та күшейді.

Транзиттік тасымалға тың серпін беріп отырған депо жұмысымен арнайы барып таныстық. Депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Бақытғали Джанесов теміржолдағы тасымал қарқыны, локомотивтер жұмысы жайлы айтып берді. Өзі де еңбек жолын машинист көмекшісі болып бастап, машинист, аға депо кезекшісі, нұсқаушы және инженер-технолог қызметтерінен өткен маманға барлық жұмыс етене таныс.  

Ақтөбе локомотив пайдалану депосы Ақтөбе – Илецк, Ақтөбе – Жем және Ақтөбе – Қандыағаш, Ақтөбе – Әйтеке би, Ақтөбе – Орал бағыттары бойынша тасымал қызметін ұйымдастырады. Және оған Шұбарқұдық – Сағыз, Шұбарқұдық – Қандыағаш арасында тасымал қызметін жүргізетін Шұбарқұдықта айналым депосы қарайды.  

Соңғы уақытта халықаралық транзиттік тасымалды дамыту бағытында маңызды өзгерістер жүзеге асырылуда. Одан әрине тоғыз жолдың торабындағы Ақтөбе де тыс қалмайды.  

«Екі мемлекет арасындағы келіссөздердің нәтижесінде Илецк станциясы арқылы жүк құрамдарын тоқтаусыз өткізу жобасы қолға алынды. Қазір эксперименттік сапарлар басталды. Пойыздар Ақтөбеден Шыңғырлауға дейін тоқтаусыз жүреді. Бұл уақытты үнемдеп, пойыздар санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – Қытайдан Ресей мен Еуропаға бағытталған контейнерлік пойыздардың қозғалысын жеделдетуге ықпал етеді», – деді Бақытғали Джанесов.  

Бұл эксперимент Қытайдан Ресей мен Еуропаға бағытталған контейнерлік пойыздарға да оң әсерін тигізіп отыр. Локомотив бригадалары үшін Шыңғырлауда демалыс үйі жабдықталған.  

Ақтөбе локомотив пайдалану депосы тек тасымалмен ғана айналыспайды. Мұнда қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіледі. Қазақстанның әр өңірінен жеткізілген зақымданған локомотивтер жөнделеді.

Қазір депо паркінде 92 локомотив бар. Локомотив паркі кезең-кезеңімен жаңарып жатыр. Қытайда шығарылған жаңа ТЭ36А тепловоздары жеткізілуде. Олар заманауи жабдықтармен қамтылған. Парк құрамында ТЭ33А(АС) локомотивтері де бар. Алдағы уақытта жаңғыртылған жаңа локомотивтер келуі күтілуде. Маневрлік жұмыстарда пайдаланылатын бірнеше ескі локомотивтер бар. Алдағы жылдары оларды толық жаңарту жоспарланып отыр.  

Соңғы жылдары депоның материалдық-техникалық базасы да айтарлықтай жаңартылды. Әкімшілік ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалған. Терезелер ауыстырылып, инженерлік желілер жаңартылды. Демалыс бөлмелері мен конференц-зал және спортзал ашылды. Техникалық оқу кабинеті де жаңартылды. Мұнда оқу стендтері мен макеттер қойылған.  

Депо қызметкерлерінің басым бөлігін 35 жасқа дейінгі мамандар құрайды. Өткен жылы 15 жас маман жұмысқа қабылданса, биыл тағы төрт қызметкер қатарға қосылды. Белсенді жастар тұрақты түрде түрлі конкурстар мен жарыстарға қатысып, өздерін дамытудан кенде емес. «Таза Қазақстан» акциясына тұрақты қатысады. Қысқасы, байырғы депода өндіріс пен қоғамдық жұмыс қатар дамып келеді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты