Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында

Аймақтар
26.06.2026, 09:30
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңірінде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасуда. «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының Батыс дирекциясы ағымдағы жылға жоспарланған күрделі жөндеу ді табысты жүзеге асыруда.

Биыл жол жөндеуші мекеме тарапынан облыс аумағында жалпы ұзындығы 31,316 км теміржолға күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Бүгінде Байқожа мен Еңбекшіқазақ станциялары аралығындағы 17,988 км тақ жол және Төретам мен Диірментөбе станциялары аралығындағы 13,328 км жұп жол жаңғыртудан өтуде.  

Теміржолдың ескі жолтабан құрылымдары жаңартылып, жаңа темір-бетон шпалдар төселуде. Сонымен қатар ұзындығы 1500 метрлік ұзын рельстер орнатылып, жолдың техникалық сапасы мен пайдалану мерзімін арттыруға ерекше мән беріліп отыр. Мамандардың айтуынша, негізгі күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айының екінші онкүндігінде толық аяқталады деп жоспарланған.  

Құрылыс алаңында 45 жұмысшы, 30-ға жуық механизатор, 6 орта буын басшылар еңбек етуде. Сондай-ақ МПД, ПЛ, УК, ЭЛБ, ВПО секілді ауыр жол техникалары, 120 қиыршық тас тасымалдайтын вагон, рельс-шпал торларын жеткізетін арнайы жылжымалы құрамдар жұмылдырылған. Бұған қоса 5 бульдозер, 2 автогрейдер және 5 автотехника құрылыс қарқынын үдетуде.  

Батыс филиалының бастығы Дәурен Сұлтамұратовтан бөлек ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарына филиал директорының орынбасары Әмірхан Жолдасбай мен прораб Берік Арықбай жетекшілік жасап келеді. Олардың кәсіби тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті күрделі жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуына негіз болып отыр.  

– Алдағы уақытта Сексеуіл станциясын дамыту жобасы аясында ауқымды құрылыс жұмыстары қолға алынбақ. Жоба бойынша станцияның «А» және «Б» парктері кеңейтіліп, қосымша 17 станциялық жол салынады. Жалпы ұзындығы 20 км құрайтын жаңа жолдармен қатар 77 бағыттама бұрмасын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда биылға жоспарланған 31,316 км күрделі жөндеудің құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде, – дейді филиал директорының орынбасары Әмірхан Жолдасбай.  

Сыр өңірінің аптап ыстығы мен қатал ауа райына қарамастан құрылысшылар жұмысты тоқтатпай еңбек көрігін қыздыруда. Кәсіби шеберлік пен қажырлы еңбектің арқасында өңір теміржолының жаңа тынысы ашылып, қауіпсіз әрі заманауи инфрақұрылым қалыптасуда.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты