Атырау вагон құрастыру зауытында жаңа ғылыми-сынақ орталығы іске қосылды

Аймақтар
14.07.2026, 09:25
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС жыл сайын әлеуетін арттыра түсіп, қарқынды жұмыс жасап келеді. Бұған дейін сусымалы, ірі габаритті, сұйық, жартылай сұйық және өнеркәсіптік, т.б. жүктерді тасымалдауға арналған жүк вагондары мен мұнай өнімдеріне арналған цистерналар, үш осьті тіркеме платформалар шығаруға маманданған зауыт енді Texol Industrial жобасы аясында теміржол саласына арналған заманауи Тәуелсіз ғылыми зерттеу және сынақ орталығын іске қосты.

Орталықтың ашылу рәсіміне KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағының Бас директоры Қанат Әлмағамбетов пен облыс әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев қатысып, бұл орталық өңірдің ғана емес, жалпы еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, машина жасау саласын жаңа деңгейге көтеретін жоба екенін атап өтті. Жаңа нысан локомотивтерді, жүк вагондарын және басқа да техникаларды зертханалық жағдайда ғана емес, қозғалыс барысында да сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Орталық заманауи зертханалық, талдамалық және стендтік жабдықтардың бірегей кешенімен жабдықталған. 

 

Енді отандық кәсіпорындар өнімдерін сертификаттау мен типтік сынақтарды шетелдік зертханаларға жүгінбей-ақ, Қазақстанда ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес жүргізе алады. Орталықта орнатылған жоғары дәлдіктегі әмбебап жабдықтардың кейбірінің әлемде баламасы жоқ. Мұнда тек теміржол техникасы ғана емес, машина жасау, құрылыс және басқа салалардың өнімдері де сынақтан өткізіледі. Қазіргі таңда орталықта 10 маман жұмыс істейді, алдағы уақытта олардың саны 15-20 адамға дейін артады.  

Орталық Атырау вагон жасау зауытының базасында ашылып, жылына сегіз мыңнан астам жүк вагонын шығара алатын өндірістік циклді толық қамтиды. Бүгінде Атырауда 195 машинақұрылысы кәсіпорындары жұмыс істейді, оның ішінде бесеуі – ірі, бесеуі – орта кәсіпорындар. Қанат Әлмағамбетов өз сөзінде вагон құрастыру зауыты базасында осындай ғылыми-зерттеу орталықтың ашылуын үлкен жетістік санайтынын атап өтті.  

– Сонау бір жылдары біз вагондарды Ресейден, Белоруссиядан, басқа да елдерден сатып алып жүрген едік. Ал енді жаңа кәсіпорында вагон доңғалақтарынан бастап, толық циклді әртүрлі жүк вагондарын өз жерімізде құрастыруға мүмкіндік туды. Оның үстіне заманауи осындай орталықтан сынақтан өткен вагондардың сапасы жақсы болатыны сөзсіз. Сондықтан ТЕХОЛ компаниялар тобына, тұтастай ұжымға әрқашан сәттілік тілеймін, – деді ол.  

Тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталығының директоры Константин Потаниннің айтуынша, бір база аясында сынақтардың барлық түрлерін жүргізуге болады. Қазірдің өзінде орталық Техол компаниялар тобының сынақ бойынша қажеттіліктерін толықтай ақтап отыр. Мұнда сертификаттық, типтік, қабылдап-тапсыру, бақылау және басқа да сынақтар жүргізіледі. Орталықтағы кейбір жабдықтардың тіпті әлемде аналогы жоқ. Бұлар тек теміржол техникалары ғана емес, сонымен қатар машинақұрылысы, құрылыс, басқа да өнімдермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  

Айта кетелік, «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС 2024 жылы сертификаттаудан сәтті өтіп, люкті жартылай вагондарды, фитингті платформаларды және екі осьті арбаларды 2029 жылға дейін сериялық шығаруға сәйкестік сертификаттарын алды. Зауыт толық қуаттылыққа 2027 жылға қарай шығады деп жоспарланып отыр. Сол кезде жылына 7-8 мың вагон шығарылады деп болжануда. Қазіргі таңда зауытта 350 адам еңбек етсе, олардың қатары жыл сайын жаңа кәсіби мамандармен толыға түсуде.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда