Еңбек процесін оңтайландырған жоба

Аймақтар
16.07.2026, 09:54
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржол саласының құрылымдық бөлімшелерінде қолданыстағы технологияны жетілдіру арқылы қалыптасқан жұмыс жүйесіне өзгеріс енгізіп қана қоймай, өндірісте экономикалық тиімділікке қол жеткізіп жүрген мамандар аз емес. Олар енгізген рационализаторлық ұсыныстар тәжірибеде шығындарды азайтып, процесті жеделдетіп отыр.  

Сондай жобаның бірі «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалына қарасты Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорында табысты жүзеге асуда. Еңбек процесін оңтайландырған бұл идея биылғы  «Үздік рационализатор» конкурсында жүлде алды. Мамандардың айтуынша, «РВС-100» және «РВС-120» 5 қабатты тасымалдаушы құрамдарынан рельстерді түсіруге арналған құрылғыны рельс төселетін жерде ұзын өлшемдерді рельс плетін дәнекерлеудің жаңа технологиясын ұйымдастыру үшін қолдану» тәсілінің экономикалық тиімділігі 215 571 000 мың теңгені құраған.

–  Астана қаласында өткен «Рационализаторлық – техникалық дамудың негізі» конференциясында «Үздік рационализатор» конкурсының қорытындысы шығарылып, озық идеялардың авторлары марапатталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас инженері Рамазан Садырқұлов, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының бас директоры Төлеген Орашев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры Дмитрий Потлов, тағы басқа лауазымды тұлғалар қатысқан жиында біздің кәсіпорын І дәрежелі дипломмен марапатталып, 389 250 теңге ақшалай сертификатқа ие болды. Үздік атанған рационализаторлық ұсыныстың авторлары – зейнеткер Алтай Оңлабаев, Павлодар КЭЦ директорының орынбасары М.Макимов және Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының бас механигі Жанат Беспаев.

Рационализаторлық ұсыныстың сипаттамасына тоқталсам, Рельс дәнекерлеу кәсіпорны бұрын қолданыстағы 25, 100, 120 метрлік рельстерді дәнекерлеп келген. Кейін Ақтөбе рельсарқалық зауыты ұзындығы 100 және 120 метрлік рельстерді шығара бастаған соң, РСП-1 және РСП-2 кәсіпорындарында стационарлық жағдайда рельстерді дәнекерлеп, қайта платформаларға тиеп, тасымалдайтын болды. Жұмыс процесін жеңілдету әрі тасымалдау шығынын азайту үшін біз Ақтөбеден келетін рельстерді кәсіпорынға әкелмей, жөндеу жүргізіліп жатқан учаскелерге бірден апарып, сол жерде ЖРДМ (жылжымалы рельс дәнекерлеу машинасымен) арқылы алюмотермиттік әдіс бойынша рельстерді төсеу орнында дәнекерлеп біріктіруді ұсындық, – дейді Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының инженер-метролог – эколог-рационализаторы Дәулетхан Шүкеев.

Мамандар жүргізген есептерге жүгінсек, бұл жағдайда РСП базасында РВС-100, 120 құрамынан рельсті қайта түсіру және РВС-800 бір деңгейлі рельс тасымалдаушы құрамымен тасымалдау шығындары едәуір қысқартылады. Осы тәсіл тәжірибе жүзінде тиімділігін көрсеткеннен кейін РВС-100 5 қабатты құрамынан 100 метрлік рельстерді шеткі әдіспен түсіру үшін екі төмендеткіш тіректен және қосымша бөлшектерден тұратын рационализаторлық ұсыныс әзірленген.  

Дәулетхан Жүнісәліұлының сөзіне сүйенсек, осы тәсілді енгізу арқылы рельстерді төсеу орнында түсіру кезінде тасымалдау тарифтері бойынша айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізуге, жұмыс процесі жеделдетуге мүмкіндік туған. Үздіксіз өндіріс өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыратыны түсінікті. Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының директоры Бахтияр Түлеков барлық рационализаторлық ұсыныстарды өндіріске енгізіп, тәжірибе жүзінде сынап көруге мүмкіндік беріп қолдап отыратыны да өнертапқыштарға шығармашылық еркіндік беріп отыр екен. Өйткені бұл кәсіпорында өндіріске енгізіліп, үздік деп танылған алғашқы жоба емес. Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының рационализаторлық ұсыныстары үш жыл қатарынан ҚТЖ бойынша жүлделі орындарға ие болған.  

 

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды