Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады

Аймақтар
17.07.2026, 09:08
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары биылғы жартыжылдықты нәти желі жұмыстармен қорытындылады. Қызметтік саладағы барлық бағыттар бойынша оң динамика бар.

Дегенмен атқарылар шаралар легі әлі алда. Себебі жарты жыл ішінде қолға алынған жаңа бастамалар мен тың жобалардың нақты қорытындысы жыл соңында шығарылады. Жазғы жол күтімі, теміржол инфрақұрылымдарын жаңарту, әлеуметтік саладағы басымдықтар бойынша басталған барлық істер қарқын алып келеді.

– Биылғы жылы бөлімше бойынша төрт негізгі жобаға айрықша басымдық берілуде. Атап айтсақ, Бақты – Аягөз телімінің құрылысы, вокзалдар реконструкциясы, Ақсу – Жаңа-Семей учаскесі инфрақұрылымын жаңғырту және Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданынан теміржолшыларға арнап жаңа тұрғын үй кешенін салу. Негізгі күш осы бағыттарға салынуда, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежанов.  

Бөлімше директорының айтуынша, Дегелеңнен Жаңа-Семейге дейінгі аралықтағы теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары алдағы күзде толықтай аяқталмақ. Нәтижесінде телім бойының өткізу қабілеті заманауи техникалық шешімдерді енгізу есебінен айтарлықтай ұлғайтылатын болады. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 240 км теміржол бойында цифрлық автоблокировка жүйесі салынып, 5 жаңа жол айрығы пайдалануға берілген. Сонымен қатар қолданыстағы 3 бөлек пунктте қосымша қабылдау-жөнелту жолдары төселіпті.  

Ал Бақты – Аягөз телімінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Десек те, жартыжылдықтағы жоспарлы шаралардан бөлек екінші кезектегі елеулі жобалар да кезек күтіп тұр. Мәселен, тамыз айының соңында Аягөз өңірі бойынша 12,5 км телімге күрделі жөндеу жүргізіліп, бағыттамалы бұрмалар жаңартылады. Жоспар бойынша бұл құрылысты екі ай мерзім ішінде аяқтау қажет. Оның сыртында Өскемен өңірі бойынша күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары да бар. Қажетті ресурстар мен техникалық даярлық жұмыстары қазіргі күннен бастап пысықталуда. Бұл ретте НЖС-6 бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімі мен жол бөлімінің мамандары жұмыс жүргізуде.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті